Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Алтын күз – 2019" спартакиадасы басталды

"Алтын күз – 2019" спартакиадасы басталды

Жосалы кентіндегі орталық стадионда Ауыл спортшыларының ХХХІІІ «Алтын күз – 2019» облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды syr-media.kz

Спартакиаданың салтанатты ашылуында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Спорттың 16 түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, Президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ) 1000-нан аса спортшыны қамтитын спартакиадада аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсететін болады.

Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-ға жуық ауыл спортшылар қатысуда.

2-6 қазан аралығында өтетін ауыл спортшыларының ХХХІІІ «Алтын күз-2019» спартакиадасы жексенбі күні қорытындыланады.
04 қазан 2019 ж. 1 092 0