Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СПОРТТЫҢ БҰҚАРАЛЫҒЫН АРТТЫРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

СПОРТТЫҢ БҰҚАРАЛЫҒЫН АРТТЫРУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Облыс көлеміндегі бұқаралық спорттың жағдайы мен оны жетілдіру жолдары туралы» мәселенің Сырдария ауданында орындалу барысы жөнінде көпшілік тыңдау өтті.
Маңызды басқосуда аталмыш мәселе туралы аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров баяндады. Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік – әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Елбасы Жолдауынан туындайтын нақты тапсырмасы бұқаралық спортты дамыту үшін 2018 жылы облыстық бюджеттен 11,1 млн.теңге бөлінді. (2016 жылы 10,4 млн. теңге, 2017 жылы 11,1 млн. теңге)
Жоба аясында 22 штаттық негізде Тереңөзек кенті және 13 ауылдық елді-мекенде 26 спорт – нұсқаушылары 4000 мыңға жуық аудан тұрғындарын спортпен шұғылдандыруда.
2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 10 630 адам (43 дене шынықтыру ұжымдары есепке алынған) тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданып, бұл көрсеткіш тұрғындардың 27,2 пайызын құрап отыр. (2016 жылы 26,1%, 2015 жылы 25,0%)
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Ол үшін спорт нысандарының санын көбейтуіміз қажет. Қазіргі таңда ауданымызда 128 спорт нысандары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, соңғы үш жылда 3 спорт нысаны (Тереңөзек кентіндегі спорт кешені, Шаған ауылындағы спорт кешені, Н.Илиясов ауылындағы стадион мен спорт кешені) пайдалануға берілсе, қазіргі таңда облыстық бюджеттен Ақжарма ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, – деді Бақытжан Зинадинұлы.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, осы мақсатта жыл басынан 100-ге жуық спорттық шара өтіп, 10 мыңға жуық аудан тұрғындары тартылған.
Соның ішінде 500-ден аса спортшының өнер көрсетуімен қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық жарысының аудандық іріктеуі, 300-ге жуық оқушының қатысуымен «Нашақорлыққа – жол жоқ», «Бәріңде жарысқа» атты көңілді эстафета, футболдан 1000-нан аса жасөспірімдердің қатысуымен 3 жас ерекшелігі бойынша «Былғары доп» жарысының іріктеу кезеңдері, мерекелік даталарға орай өтетін велошерулер, сонымен қатар, Мемлекет және Қоғам қайраткері Е. Көшербаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнирді 19 – рет (22 команда 300-ден аса спортшы), бокстан спорт шебері А. Матиковты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік, Қоғам қайраткері Н. Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан, дзюдодан «Абзал и К» жүлдесі үшін республикалық турнир (40 команда 650 спортшы) және биыл алғаш рет Бесарық ауылында жалауын көтерген дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнирлерді атап өтуге болады.
Бұқаралық спортты дамытумен қатар бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында қызығушылықтары бойынша дене шынықтыру клубы, көгалдағы хоккейден «Қайсар» кәсіпқой спорт клубы, балалар-жеткіншектер спорт клубы, 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Спорт мекемелерінде 22 спорт түрімен 3 305 оқушы шұғылдануда.
2017 жылы аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 38 медаль (18 – алтын, 8 – күміс, 12 – қола), Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 4 медаль (1 – алтын, 1 – күміс, 2 – қола) иеленді. 1 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6 – ҚР спорт шебері, 25 ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалды, спорт түрлері бойынша 37 аудан спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына енді.
Басқосуда облыстық мәслихат депутаттары мен комиссия құрамы ауданда спорттың бұқаралығын арттыруға байланысты сауалдар қойды. Оған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Ерташов жауап бере келе, аудан әкімінің қолдауымен «Достық» үйінде спорттың бильярд, шахмат, дойбы түрінен ардагерлер арасында жарыстар тұрақты өткізілетінін, сондай-ақ ауданда велошерудің айына екі-үш рет ұйымдастырылатынын айтты. Мәжілісте облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов ауданда спорттың кикбоксинг түрімен айналысатындардың қатары көп екендігін, сондықтан №11 олимпиадалық резерв мектебі жанынан бір жаттықтырушы штат ашылса, ал облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов Шіркейлі ауылында ашылған спорт мектебінің филиалы алаңын жасанды төсенішпен төсеу үшін ЖСҚ дайындалғанын, енді оның қаржысы шешілсе деген ұсыныстарын білдірді. Спорт жанашыры, ардагер М.Келдібаев кенттегі орталық стадион жасанды төсеніштерінің тозығы жеткенін, оны ауыстыруға қаржы қаралса деген және ауданда ұлттық спортты дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Бұдан ауданда спорттың бұқаралығын арттыру маңызды міндет екендігі айқын аңғарылды.
Мәжіліске облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы К.Үйреков, облыстық мәслихат депутаттары Р.Есенов, Ж.Нұрымбетов, облыстық мәслихат аппаратының басшысы М.Қосмамбет, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Әкімов, осы басқарманың бөлім басшысы Ғ.Сиқымов, облыстық білім басқармасының аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Б.Әбенғалиев, Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Қ.Ботжанов, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім және сала басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ

11 маусым 2018 ж. 1 243 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 08:54
Suche Viagra 100mg Generic Legally Dutasteride Website Mastercard Accepted Zithromax Muscle Weakness cialis 5 mg best price usa Citalopram Expired Safe

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 13:22
Antabuse For Sale Orlistat 120mg Online No Script Farmaco Viagra Senza Ricetta cialis Buy Ventolin Inhalers Without Script