«АЛТЫН БЕЛБЕУ» КІМНІҢ ҚАНЖЫҒАСЫНА КЕТТІ?
Ауданда түрлі деңгейде спорт жарыстары өтіп, оған аудан тұрғындары тартылды. Соның ішінде, 400-ге жуық спортшының өнер көрсетуімен қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық жарысының аудандық іріктеуі. 300-ден аса оқушының қатысуымен «Нашақорлыққа жол – ЖОҚ», «Бәрің де жарысқа» атты көңілді эстафета өтті. Футболдан 1000-нан аса жасөспірімдердің қатысуымен 3 жас ерекшелігі бойынша «Былғары доп» жарысының іріктеу кезеңдері, дзюдодан «Абзал и К» жүлдесі үшін республикалық турнирге 270 спортшы қатысты. Бесарық ауылында дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өткізіліп, 700 – ге жуық спортшы қамтылды. Алдағы уақытта мемлекет және қоғам қайраткері Е. Көшербаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнирді биыл 21 рет өтетінін атап өткен жөн. Бокстан спорт шебері А. Матиковты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік және т.б. облыстық, республикалық турнирлер ұйымдастырылып, халықты салауатты өмір сүруге тарту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі.
Бұқаралық спортты дамытумен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары қолға алынды.
Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында қызығушылықтары бойынша дене шынықтыру клубы, көгалды хоккейден «Қайсар» кәсіпқой спорт клубы, балалар-жеткіншектер спорт клубы, 2 балалар жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Спорт мекемелерінде 22 спорт түрімен 3 305 оқушы шұғылдануда.
Жалпы ауданның барлық спортшылары осы уақытқа дейін облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді: ҚР чемпионаттарында 24 медаль (9 – алтын, 8 – күміс, 7 – қола), Азия чемпионаттарында 4 медаль 3 алтын, 1 күміс иеленді.