Халықаралық турнир жалауын көтерді

Жиырма бірінші рет ұйымдастырылған турнирге Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен жəне еліміздің əр өңірінен 22 команда, барлығы 350 спортшы қатысуда.
Турнирдің салтанатты ашылуына облыс əкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты. Облыс басшысы халықаралық турнирдің қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Əбенұлы дәстүрлі турнирдің спортшыларына үздік ойын көрсетулеріне тілектестігін білдірді.
Турнирдің салтанатты ашылуында облыс əкімі ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтауын жеткізді.
Жарыстың жеңімпаз жəне жүлдегер командалары мен үздік ойыншылар 28 қыркүйек күні белгілі болады.
"Тт" ақпарат