Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ФУТЗАЛДАН Ә. ҚАЛЫМБЕТОВКЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

ФУТЗАЛДАН Ә. ҚАЛЫМБЕТОВКЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерге орай 27-28  қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ардагерлер арасында футзалдан белгілі футболшы Әбіл Қалымбетовті еске алуға облыстық ашық турнир өтеді.
    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы ұйымдастырып отырған жарыста  аудандар мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан келген 40 және одан жоғары жастағы ардагер спортшылар бақ сынасады.  
    Қазақстанның даңқты футболшыларының қатарындағы Ә. Қалымбетов ойыншы ретінде 20 маусымда өнер көрсетіп, 13 жылын осы салада басшылық қызметтерін атқаруға жұмсады.
    Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер командалары, үздік ойыншылары диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
    Жарыс 27 қаңтар күні сағат 9.00-де басталады, осы күні 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
26 қаңтар 2018 ж. 1 396 0