Т.СЕГІЗБАЕВ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
"Локомотив" стадионында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың атында футболдан 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Қазақ елі футболының дамуына үлкен үлес қосқан, көптеген спорт тарландарын баптап, республикалық деңгейге дейін жеткізген Тимур Санжарұлының атындағы турнир биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып, оған Кентау (ОҚО), Қызылорда қалаларынан және аудандардан 9 команда 150 спортшы қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, футбол ардагері, Т.Сегізбаевтың шәкірті Ережеп Серікбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген командаларға медаль, диплом, 5 номинациядағы үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттау рәсімі 19 мамыр күні орталық стадионның қосалқы алаңында сағат 17.45-те "Қайсар" - "Атырау" ФК ойындарының үзілісі кезінде өтеді.
Пікір 2