Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Газ қашан келеді?

Газ қашан келеді?

АЙМАҚ АУДАНДАРЫН ГАЗДАНДЫРУ КЕЗЕҢКЕЗЕҢІМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫ БЕЛГІЛІ. ОБЛЫСТЫ КЕШЕНДІ ГАЗДАНДЫРУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ АРАЛ, ҚАЗАЛЫ, ШИЕЛІ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. ЕНДІ ОСЫ ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ІСКЕ АСЫП, СОНЫҢ АЯСЫНДА АУДАН ОРТАЛЫҒЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. БҰЛ ОРАЙДА, ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАР КӨГІЛДІР ОТЫН ИГІЛІГІН КӨРМЕК.
Жалпы, ауданды газдандыру жұмысы 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2,442,0 млн. теңгені құрайды. Жоспарлы жұмыс биыл бас тау алып, аудан орталығына газ құбырлары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды бас мердігер «Әлия-Сервис» серіктестігі жүзеге асыруда. Негізі кентке 6 газ тарату пункті орнатылатын болса, биыл соның 3-і іске қосылмақ. Яғни жыл аяғына дейін №2, №3 және №6 газ реттегіш бекеттеріне газ жіберілетін болады. Сол арқылы осы аумақты қамтитын көше тұрғындары биылғы жылдан бастап газды тұтынбақ. Атап айтқанда, А.Иманов, Д.Қонаев, Ә.Тәжібаев, А.Әлиакбаров, Абай, 1 мамыр, Жеңістің 50 жылдығы, Р.Алшынбаев, С.Жәкеев, Ж.Құттыбаев, Н.Сыздықов, Н.Ілиясов, Желтоқсан, Бұқарбай батыр, Достық, Н.Ергешбаев, Н.Бердіқұлов, Наурыз және Жастар көшесіне газ құбыры жүргізілуде. Осы үш аймақ бойынша 300-ге жуық тұрғын үйге газ кіргізіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар 9 әлеуметтік нысанды көгілдір отынмен биыл қамтылмақ . Ескеретін жәйт, газ құбыры кейбір көшелердің бір жағына ғана жүргізілген. Демек, осы жылы аталған көшелердің бір жағындағы тұрғын үйлерге газ орнатылмақ. Ал келер жылы екінші жағы да газбен қамтылатын болады. Бүгінгі таңда бас мердігер жоспар бойынша жұмыс атқаруда. Учаске бастығы Наурызбек Оразғалиұлы биылғы жұмыстың 85 проценті орындалды дейді. Қазір әрбір көше бойына шығарып қойған құбырларды асфальттың астымен тесіп, бір-біріне жалғау жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Одан кейін әр көшеге газ реттегіш бекеттер орнатылатын болады. Газды орнату қанша? Осыдан 4-5 жыл бұрын «ауданға газ келеді» дегенге сеніңкіремеген көпшілік Тереңөзек кентіне газ құбырлары жүргенде қуаныштарын білдіріп жатты. Тіпті, қазір тұрғындар үйлеріне газ кіргізуге қамданып жатыр. Жақында бір тұрғын «Осы көгілдір отынның игілігін көреміз деп үйге көмір түсірмей отырмыз» деген еді.
Енді осы газды қалай орнатуға болады және қаншалықты қалтаға түседі деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек. Бұл сауалдарға «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС бас директорының орынбасары Дүйсенбек Сарбалақов жауап берді. Серіктестіктің бұл салада тәжірибесі мол. Осыған дейін Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Шиелі, Арал ауданында тұрғын үйлерге газ қондырған. Жоғарыда айтқан бас мердігер «Әлия-Сервис» ЖШС көшелерге газ құбырын жүргізіп, реттегіш бекеттерге дейін жұмыс істесе, әрі қарай үйге дейінгі газ құбырын монтаждауды осы серіктестік іске асырады. Газды орнатуда ауданда тиімді жүйе қолданылып, бұл тұрғындарға қолайлы болмақ. Олай дейтініміз, өзге аудандарда газ жүргізілгенде жұртшылық қажетті құжат пен құрылғылар үшін жан-жаққа жүгірген. Ал ауданда бұл нақты шешімін тауып, барлығы да серіктестік тарапынан жасалып беріледі. Яғни мердігер компания газ құбырын үйге дейін кіргізіп, монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Одан кейін белгі бергіш (САКЗ) орнатады. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етпек. Ақау болса немесе газ иісі шыққанда автоматты түрде пешке газ берілуі тоқтайды. Сонымен қатар бастапқы газ қосуды іске асырады және монтаждау жұмыстары жөніндегі техникалық құжатты да (ИТД) әзірлеп береді. Бекітілген стандарт бойынша көше мен үйдің қашықтығы 25 метр болса, тұрғындар 115 000 теңгеге үйге газ кіргізеді. 25 метрден төмен болса да осы баға. Ал одан асса, әр метріне 2500 теңге қосыла бермек. Сондайақ тұрғындар қалауына қарай қосымша құрылғылар орналастыру үшін әр нүктесіне 10 000 теңге төлейді. Оған қоса үйдің көлеміне қарай пешті ақысын төлесеңіз әкеліп, орнатып береді. Осылайша, «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС сырдариялықтарға тиімді бағаны ұсынып отыр. Олай дейтініміз, Арал ауданында газ орнату бағасы 125 000 теңге болған. Өзге аудандар да біз айтқаннан жоғары бағаға көгілдір отынды кіргізіпті. Демек, кент тұрғындары көше мен үйдің қашықтығын есептеп, 25 метрден аспаса 115 000 теңгесін ГАЗДАНДЫРУ: биылғы меже қандай? әзірлеп, оған тәуір пештің бағасын қосып, қаншалықты қалтаға түсетінін есептей берулеріне болады. Тіпті қазірден бастап кенттегі А.Иманов көшесі бойындағы «Рахман» дүкеніндегі серіктестік офисінде Д.Сарбалақовпен сөйлесіп, үйге газ кіргізуге қамдана беруге болады. Бас директордың орынбасары газ орнатуда серіктестік тарапынан жеңілдіктер қарастырылғанын айтты. Атап айтқанда, қалта көтермей жатса, 3 айға дейін бөліп беруге келіседі. Одан бөлек «Еуразиялық банк» және «Банк Хоум Кредит» арқылы несиеге газдандыру жұмыстарын да жүргізеді. – Қазір С.Жәкеев көшесінің тұрғындарына газ қондыруға қамданып жатырмыз. Бір үйді көлемімен есептегенде газ орнату 160 000 теңге болды. Яғни көше мен үйдің ара қашықтығы 25 метрден асып кетті. Оған алатын пештің ақшасы қосылады. Жағдайы келмей жатса, бөліп төлеуге келісеміз. Банк арқылы несиеге де орнатамыз. Банк өкілдері осы кент орталығына келеді. Оған да тұрғындар қалаға барып сабылып жүрмейді. Одан бөлек, елге қызмет етіп жүрген соң халық арасындағы тұрмысы төмен 1-2 отбасыға тегін орнатуға тырысамыз, – деді бас директордың орынбасары. Жалпы, газдың тиімділігі көп. Бір маусымда жағатын көмір шығынынан да арзан дегенді айтады газ маманы. Дегенмен одан төнетін қауіп те жоқ емес. Өйткені күні-түні үйді қалыпты жылытқанымен ауаны құрғатып жібереді екен. Бұл өз кезегінде тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан мамандар газ орнатылғаннан кейін күнделікті 2-3 рет терезені ашып, үйдің ауасын желдетіп алуға кеңес береді. Екі-үш жыл бұрын жиындарда тұрғындар «Ауданға газ қашан келеді?» деп сұрақты жан-жақтан қоятын. Халықтың талап-тілегі орындалып, газ құбырлары жүрді. Енді олардың үйге дейін кіргізу мүмкіндігі бар. Әзірге газ орнатуға көп өтініш түспепті. Ал қыс мезгілі жақындаған са йын серіктестік офисінде ұзын-сонар кезек болмас үшін, әрбір тұрғын осы бастан қамдануы керек.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
21 қыркүйек 2019 ж. 743 0