Мониторинг Топ мүшелері Сырдарияда
Туберкулез дертінен қорғанудың сан түрлі жолы бар. Қазіргі уақытта дерттің қауіптілігін түсіндіріп, кешенді іс-шараларды жүзеге асыратын сала мамандары жоспарлы жұмыстарға иек артады. Бұған дейін біз Сырдария аудандық ауруханасының дәрігерлері ауылдарды аралап, мониторинг жұмысын жүргізгендігін хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары Сырдария ауданына келіп, туберкулездің ұлттық программасының орындалу бойынша 2025 жылдың 10 айлық қорытындысы негізінде мониторинг жүргізді.Ауданға келген арнайы делегация құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Г.Мұстафаева, Е.Сағындықов, А.Арықбаева болды. Өз кезегінде Сырдария аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Л.Ибраймова, фтизиопедиатр А.Ибраймова облыстық мониторинг тобының мүшелеріне туберкулез дертіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды саралап берді. Әрбір елді мекенде қолға алынған жұмыстарға тоқталды. Салаға қатысты құжаттарды егжей-тегжей тексерген мониторинг тобының мүшелері біршама атқарылған іс-шараны зерделеп, сала мамандарына әдістепмілік бағыт-бағдар берді.
Сырдария ауданы бойынша жергілікті аурухана мен Аманкелді келді ауылында мониторингтік бақылау, талдау жүргізілді.










