Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГАЗДАНДЫРУ КЕНТТЕ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ГАЗДАНДЫРУ КЕНТТЕ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Қазіргі таңда Тереңөзек кентінде газ құбырының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бас мердігер «Алия-Сервис» ЖШС жоспар бойынша көшелерге газ құбырын тартуды жүзеге асыруда. Бұрнағы күні арнайы фоторепортаж дайындау мақсатында кент көшелерін аралаған болатынбыз. Халыққа қуанышты хабар болып жеткен тың бастама өз деңгейінде атқарылып жатқандығына көзіміз жетті. Мекеменің қызметкерлері бірнеше бағыт бойынша газ құбырын сапалы орналастыруға күш салуда. Тиісті сала мамандарының мәліметінше, 2019 жылы 9 әлеуметтік нысан газдандырылады.

Атап айтқанда: №1 “Кызғалдақ” балабақшасы, №13 “Нұрбөбек” балабақшасы, №36 мектеп, аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, “Неке сарайы”, “Мекемелер үйі”, аудан әкімінің аппараты, мәслихат аппараты.
Сонымен қатар кентке қарасты отызға жуық көшенің тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Б.ОРДАБЕКОВ

24 тамыз 2019 ж. 695 0