Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың құқығы – болашақтың бағдары

Балалардың құқығы – болашақтың бағдары

Аудандық білім бөліміне қарасты  №126 орта мектебінде балалардың құқығын қорғау күніне орай «Балалардың құқығы – болашақтың бағдары» тақырыбында  5-7 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсінік қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойын сурет арқылы еркін жеткізуге мүмкіндігі бар екенін ұғындыру. Осы ретте оқушылар байқауда топқа бөлініп, бала құқығына байланысты тапсырмалар және сурет салу жұмыстары берілді. Іс-шара барысында қатысушылар «Менің құқығым – менің қорғаным», «Әр бала бақытты болуға лайық!», «Қауіпсіз балалық шақ» секілді бағыттар бойынша өз туындыларын ұсынды. Оқушылардың жұмыстарынан олардың құқық, әділет, қауіпсіздік туралы түсініктері мен азаматтық көзқарастары айқын көрінді. Байқау соңында үздік жұмыстар анықталып, жүлдегерлер мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара жақсы ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті. Осы байқауды  тәлімгер Гүлзат Оразалиева мен сурет пәнінің мұғалімі Айша Ералы апайлары бірлесіп ұйымдастырды
.
23 қараша 2025 ж. 40 0