Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжірибелі жас маман дәуірі

Тәжірибелі жас маман дәуірі

Бүгінгі таңда көзі қарақты оқырман бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі­лер арқылы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде президенттің жастар кадр резерві құрылып жатқандығы туралы хабардар.Дегенмен, азаматтар тарапынан «Президенттік жастар кадрлық резервіне кімдер қатыса алады, қандай құжаттар керек, қайда тапсырамын, қашан өтеді» деген сауалдардың болуы заңдылық. Осыған орай еліміздегі талантты жастардың қарым-қабілеттерін паш етуге арналған тың жобаның мақсаттары мен талаптары туралы ақпарат ұсынудың қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Прези­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында ел дамуында жастардың шешуші рөлге ие болатынын айтып, ол үшін «Президенттік жас­тар кадрлық резервін» жасақтауға тапсырма берді.
Қазіргі таңда резервке іріктеудің талаптары бекітілді. Қыркүйек айының басынан бас­тап pkrezerv.kz сайтында«Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасына құжат тапсыру бас­талды.
Жобаға жасы 35-тен аспаған, білімі жоғары, 5 жыл еңбек өтілі және тиісті тұл­­­ғалардан ұсыным хаты бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Үміткерлерді тіркеу және құжаттарды қабыл­дауағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізіледі. Тіркелу барысында үміт­кер дербес деректерін енгізіп, жеке кабинетін толығымен толтыруы тиіс. Өтінімі жобаның талаптарына сәйкес келген үміткер жобаның іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу 5 кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендер келесі кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болады. Үміткерлерді іріктеу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіпқойлардан, салалық сарапшылардан, ҮЕҰ өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен құралған бағалаушылар пулы жасақталған.
Бірінші кезең – «Қабілеттерді тестілеу». Үміткерлердің талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу 2019 жылдың 12 қазанында кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.
Келесі кезең «Тестілеуді верификациялау» деп аталады. Бұл кезең «Қабілеттерді тестілеу» кезеңіне ұқсайды және тестілеу үдерісі видео және аудио тіркеуді қамтиды. Іріктеудің бұл сатысы үстіміздегі жылдың 19 қазанында болады.
«Әлеуетті бағалау» кезеңі – іріктеудің кешенді сатысы. Бұл кезең 3 бөліктен тұрады. Кандидаттар 22-26 қазан күндері жобаларын көрсетсе, 27 қазанда эссе жазады. Бұл екі саты ойлайн түрде өткізіледі. Кезеңнің үшінші сатысы құзіреттерді бағалау үміткердің жеке қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Осы кешенді кезеңнің нәтижесімен ең жоғары балл жинаған кандидаттар ғана сараптамалық комиссияның жеке сұхбаттасуына шақырылады.
Іріктеудің төртінші кезеңі 27 қарашадан бас­тап 13 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сараптама комиссиясы сұхбаттасу мен үміткерлердің мәліметтерін талдап, ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін Ұлттық комиссия отыры­сының нәтижелері бойынша «Пре­­зи­­денттік жастар кадрлық ре­зервіне» қабылдау туралы ше­шім қабылданады. Іріктеудің соң­ғы кезеңіне кандидаттардың қатысуы көзделмейді.
Іріктеудің барлық кезеңдерінің нәтижелері кандидаттардың ұялы телефон нөміріне смс түрінде ке­ле­­­ді. Сонымен қатар іріктеу кезең­дерінің нәтижелері туралы ақпарат кандидаттардың жеке кабинетіне орналастырылатын болады.
Елімізде алғаш рет қолға алынған теңдессіз жоба іріктеуінің барлық сатысынан сүрінбей өтіп, резервке қабылданған аза­маттардың мемлекеттік басқару жүйесі­мен қатар квазимемлекеттік секторда да бас­шы­лық лауазымға келуіне мүмкіндік ашы­лады. Президенттік жастар кадрлық ре­зервіне енгендердің аудан әкімдерінен бас­тап астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың әкімдері мен министр лауазымдарына дейін тағайындалуы көзделуде.
Бұл жоба - білімді, талантты, қарым-қабілеті жоғары азаматтардың жоғары саяси лауазымда еліміздің дамуына адал қызмет етуі үшін ашық және тиімді «әлеуметтік лифт» болады.

Ержан ҚАРЫМСАҚОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті
басшысының орынбасары
14 қыркүйек 2019 ж. 666 0