Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы

Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген кеңесінде Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің«Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында шешім қабылдауға және түрліжағдайлар мен трендтерге тез бейімделуге қабілетті «жаңа формация» басшыларының басқарушы құрамын жаңарту қажеттілігі туралы жариялады.
А.ж. 15 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тиімділік көрсеткіштері көбінесе қоғам пікірімен үйлеспей жататынын атап өтті.
А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттік кадрлық резерв келешегікемел жастар үшін әлеуметтік жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзіне айналуытиіс. Сондықтан, жобаның ауқымын ескере отырып, іріктеудің әр кезеңінде объективтілік, сапа және ашықтық үрдісі қамтамасыз етілуіқажет.
Резервке кіретін тұлғалар саяси және жоғарыәкімшілік басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер менкомпаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгіленді.
Іріктеу механизмі клиентке бағдарлану тұрғысынан пысықталған.
Іріктеудежоғары білімі баржас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегі отандастар дақатыса алады.
Сонымен бірге, іріктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды.
Резервке қабылданғаннан кейін оларды Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті базасында оқыту жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінНұр-СұлтандаҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованыңтөрағалығымен алдағы кезеңдегі жұмыс басымдықтарын талқылауға арналған МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.
24 шілде 2019 ж. 762 0