Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БОЛАШАҚТЫҢ БАҒАЛЫ БАСТАМАСЫ

БОЛАШАҚТЫҢ БАҒАЛЫ БАСТАМАСЫ

Қазақстан Республи­касының Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сай­ла­уалды бағдарламасында ел үшін ең маңызды үш қағидатты ұстанатынын айтқан болатын. Ол – сабақтастық, әділдік, өрлеу.
Мемлекет басшысының ұсынып отырған 10 бағыты көңіл­ге қонымды. Ең бастысы халықтың көкейіндегі мәселелерге бас­қаша қарауы, оң шешім табу жолдарын қарас­тыру арқылы ертеңге деген сенім, бо­лашаққа деген айқын бағдар беріп отыр­ғаны байқалады.
Оның басты ерекшелігі – елдің әлеуетін көтеріп, халықтың ынтымағын нығайтатын негізгі қадам екендігінде. Қоғамдағы бірлікті сақтап қалу, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, табысын арттыру секілді ұстанымдар бағдарламаның «Сабақтастық» атты бөлімінің негізгі арқауы. Ал «Әділдік» бөлімінде сот жүйесін одан әрі жетілдіріп, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру жайы сөз болады. Бұл бөлімде жемқорлықпен ымырасыз күресу, оны түп-тамырымен жою, медициналық қызметтің қол жетімділігі, білім беру стандарттарын енгізу, жұмыс орындарын құру арқылы халыққа жағдай жасау қажеттілігін атап көрсетеді.
«Азаматтардың жарқын болашағын өз жауапкершілігіме аламын. Мақсатым – әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру» деп басталатын үшінші бөлімде қарқынды экономика мен заманауи және ауқатты ауыл, табысты кәсіпкерлік пен тиімді қаржы жүйесіне, қолжетімді баспана, таза экология, саяси жүйені трансформациялауға басымдық берілетіндігі баса айтылады. Ел болашағы жастар екенін ескерсе, олардың ел дамуындағы рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлінуі де жастарға қанат бітірді десек қателеспейміз. Олардың бойындағы сенім отын тұтатты. Бұл бағдарлама сөз жоқ, елдің ойынан шықты. Сондықтан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналуына барша қазақстандықтар атсалысады деген сенім мол.

Ғ.ҚҰЛЫМБАЙ,
Қызылорда облысы
мемлекеттік архивінің
аудандық филиал басшысы
27 шілде 2019 ж. 773 0