Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Азаматтық сананың белгісі

Азаматтық сананың белгісі

Ертеректен қалыптасқан «Газет – өткенді хатқа түсіріп, бүгінді баяндайтын, ертеңге жол көрсететін рухани қазына» деген халық даналығы өз өміршеңдігін ешқашан жоғалтқан емес. Үнемі халықтың шежіресі, уақыттың нақ куәгері атанған газеттегі әрбір ақпарат – оқырман үшін аса құнды.

Өркениет көшіне ілесіп келе жатқан аудандық үнжария – «Тіршілік тынысы» газетінің тарихы тереңде жатыр. Қарымды қаламгерлердің құтты ордасына айналған бұл басылымның беделі қашанда биік.

Сөздің салмағын, ойдың бағыт-бағдарын айқындайтын басылымның ойлы оқырманы танымдық әрі тәрбиелік маз­мұндағы дүниелермен сусындап отырады. Күнделікті жұмыс барысында республикалық, облыстық басылымдармен қатар аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің әрбір санын үзбей оқи­мын. Рухани сергектік пен азаматтық сананың белгісі саналатын газет оқудың адамға берері мол.

Қазіргі таңда 2026 жылдың І жартыжылдығына арналған баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқаны белгілі. Құндылығы өлшенбейтін рухани азықтың шынайы жанашыры бола білейік. Ауданның елеулі жаңалықтарын үздіксіз жеткізіп отырған редакция ұжымына алдағы уақытта толағай табыс тілеймін!

Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
09 желтоқсан 2025 ж. 845 0