ТАРИХ: ҚАТПАРЛЫ КЕЗЕҢ КӨРІНІСІ
https://tirshilik-tynysy.kz/tarih/8696-tarih-atparly-keze-krns.html
Мақаланың басын оқу үшін жоғарыдағы ссылканы басыңыз.
1936 жылдың күз айларында Әбіш Исақожаев молда мен Ерназар Жүнісов молда сүндет тойларын өткізген. Смағұл Сейтасанов деген кісі ас берген. Бұл тойлар мен асқа молдалар – Алтынқожа Биқожаев, Мұхамеджан Нұрекеев, Нұратдин Нұрымбетов, Әкімал Әбіласанов пен Икрам, Рахматтулла Оспанов, Қари Тұрғанбаев, Басафа Алдабергенов, Жүсіп Бекбергенов тағы басқалары қатысқан. Сол үйлерге барып ас-су ішкендердің бәрін де НКВД тыңшысы “Қара тізімге” алып, НКВД-ға тапсырған. Икрамның інісі милиция полковнигі марқұм Қыпшақбай Жүсіповтың және күйеу баласы марқұм Шахап Қаюповтың айтулары бойынша НКВД қызметкерлері Әкімалды тұтқындау үшін келген, бірақ Әкімал үйде болмаған. Икрамға ағаңды тауып бер деп әлек салған. Ағасын қорғап қалу мақсатында Икрам “Әкімал менмін” деген. НКВД қызметкері Икрамды тұтқындап, Қызылорда түрмесіне айдап әкеткен. Икрам жоғарыда көрсетілгендей көп молдалармен бірге атылып кеткен. Икрам ұсталып кеткенде бір жаста қалған Зұлқарнай кейін ер жетіп, оқып білім алып, ғалым-педагог болған шағында 1958 жылы Қызылорда облыстық Қауіпсіздік комитеті Басқармасына әкесінің не үшін ұсталғанын, өлі-тірісін, өлсе көмілген жерін білу үшін берген арызын көрдім. Арызға берілген жауапты да оқыдым. Жауапта: “Әкеңіз түрмеде туберкулез ауруынан қайтыс болды” – деп атылып кеткенін жасырған.
Икрамның балалары “Халық жауы” – “молданың ұрпағы” деген жалған атақтан көп азап шекті. Жәлдеш Әбіласанов аспирантурадан қуылды, бірақ “ақтың отын ақымақ өшіре алмайды” – дегендей, Жәлдеш философия ғылымдарының кандидаты, доцент болды. Зұлқарнай да физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент ғылыми атағын алып ұстаз болды. Бірақ екеуі де жастайынан марқұм болып кетті.
Икраммен басқа да молдаларды айдап алып бара жатқанда алдынан НКВД тыңшысы шығып, “Ау, молдалар, жолдарың болсын!” – деген. Сонда Икрам қайырылып тұра қалып: “Е, әлей болсын, біздің жолымыз болар-ау, ал сенің денеңді туған жер топырағында ит те жемей, айдалада қаларсың” – деп дауыстаған. Әулиенің сөзі айнымай келген. Әлгі адам арада үш күн өте бергенде есектен құлап, айдалада өліп жатқан жерінен табылған.
Сол нәубет жылдары Құлболды ишанның мешітін колхоздың астығын жинайтын пункт еткен. Мешіттің ішінен астық алу үшін Икрамнан басқа адам кіре алмайтын болған. Бір күні колхоздың пункт меңгерушісі астық алуға мешіттің ішіне кіргенде астықтың үстінде үлкен жылан жатқанын көріп, тұра қашқан. Ал, Икрам кіргенде әлгі жылан ініне кіріп кететін болған. Икрамнан басқа адам кірсе ысқырып қуып шығады екен.
Икрам халықты ізгілікке, бауырластыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа, пәктікке тәрбиелеген адам.
Мұхамеджан Нұрекеев жұрт оны “Қарамолда” деп атап кеткен. Қазіргі “Шіркейлі” кеңшарының аумағында туып-өскен. Біреудің үйінен ас-су ішкені үшін ол да “қара тізімге” ілігіп, түрмеге қамалады. Оған тағылған айып та – Қарамолда контрреволюциялық ұлтшылдық-молдалар тобына 1936 жылдың наурыз айында Шаян ауданының ишаны Әляуатдин Аппақов (оны “Ақ ишан” деп атаған) арқылы тартылған. Онымен 1921 жылдан танысқан Сабыр Сейітжанов ишанның мүриді болған. Әляуатдиннің әкесі Аппақ Сейітжанов Сабыр ишанның інісі. Молдалар тобына Қызылорда қаласынан Құрманғали Бисембаев молда да тартылған. Ол қалада мешіт ұстаған. Құрманғали мешіті қазіргі Асқар Тоқмағанбетов Мәдениет үйінің қарсы бетінде болған. Топтың ұйымдастырушысы Мұхамеджан Нұрекеев – бұл топқа Қари Тұрғанбаев молданы №13 ауылдан, Баттал Жансейітов молданы №6 ауылдан, Әбілхан Нұрымбетов молданы №10 ауылдан, Әбіш Исақожаев молданы №6 ауылдан, Жүсіп Бекбергенов молданы №10 ауылдан тартқан делінген.
Мұхамеджан молда ғана емес, ақын да болған – дейді көзін көргендер. Ол кісі атақты Кете Жүсіппен, Даңмұрынмен айтысқан, Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовпен дос болған. “Шахнаманы” бөлісіп аударған. Мұхамеджан араб, парсы, ескі түркі, өзбек, тәжік, орыс тілдерін жетік білген. Әкесінің дарынды ғұлама ақындығы балаларына да дарыған. Ортаншы баласы – Қалтай Мұхамеджанов республикаға танымал драматург, халық жазушысы, Түркістан газетінің бас редакторы, үлкен Әби мен кішісі Ибрагим (жұрт оны “Қырғызбек” деп атап кеткен) бұлар да сөзге шешен, өскен-өнген жандар.
Алтынқожа Биқожаев – №6 Сталин ауылдық кеңесінде 1886 жылы туған. Ишанның баласы. Өзі де молда болған. Діни медресені бітірген, қамауға алынғанға дейін Тереңөзек ауданының Бесөзек ауылдық кеңесі, “Қызылту” колхозында, қазіргі “Шіркейлі” кеңшарында тұрған. Ол Уфа Мұсылман дін Басқармасы Муфтиінің қолы қойылып, мөрі басылған араб тілінде жазылған куәлік алып, үлкен бір жиынға – Думаға қатысқан. Халықтың қалаулысы, елдің елеулісі болған. Алтынқожа қажы да НКВД тыңшысының “Қара тізіміне” ілігіп, “халық жауы” деген жаламен өзімен бірге 6 адам бай-молдалар – Мамат Қошқаров, Қылышбек Мамытов, Тоқтасын Шонаев, Бисен Сексенбаев, Ерәлі Сержанов, Қожагелді Қашаубаев 1937 жылғы 25 тамызда тұтқынға алынып, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58 бабының 7, 10, 11 тармақтарымен жауапқа тартылған. Бұларға “бұл молда – байлар тобы контрреволюциялық жұмыстар жүргізіп, Кеңес үкімітіне қарсы үгіт таратып, дінді уағыздаған колхозшыларды колхоздан шығаруға, жеке шаруашылықпен айналысуға шақырған” – деп айып таққан. Оңтүстік Қазақстан облыстық НКВД Басқармасы жанындағы үштіктің 1937 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бұлардың барлығы 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Нұрмағанбетов немесе Нуриддин Тапалахунов – бұрынғы “Қызыл жалау” колхозында қазіргі “Шіркейлі” кеңшарында туып өскен, білікті имам болған. Оның әкесін жұртшылық “Тапал ахун” деп атаған, діни сауатты ел сыйлаған, мұсылман қауымы құрмет тұтқан ахун болған. НКВД тыңшысы Нуриддин мақсұмды “халық жауы” деп, “Қара тізімге” енгізген күні оны ұстап кеткен.
Сол зобалаң жылдарда молдалар ғана емес, ел сыйлаған ақсақалдарды, өзгеге ақыл-кеңес бере алатын көрегенді кісілердің бәрін де “халық жауы” деген жаламен тұтқынға алып, түрмеге жапқан. Соның бірі Сұлтан Қалменов бір күні Нұраддин, Әкімал Алтынқожа, Мұхамеджан молдаларды және басқа сыйлы адамдарды қонаққа шақырып, ас-су берген. Сол үшін НКВД – тыңшысы оны да “Қара тізімге” алып, молдалармен қоса түрмеге айдап әкеткен.
Тереңөзек ауданында Әбжали Бәкіров деген молда Кеңес Үкіметіне ризалығын білдіру мақсатында “бұл Үкімет жүз жасайды” десе керек. НКВД тыңшылары осы мекеменің бастықтарына өңін айналдыра жеткізіп: “Кеңес өкіметі жүз-ақ жыл жасайды, жүз жылдан кейін құриды” деп бұрмалай жазықсыз жала жапқан. Молданы артынша ұстап әкетеді, содан хабар-ошарсыз кеткен.
Міне, осындай азаматтардың жазықсыз ұсталып хабарсыз кеткендері қаншама?
Сырдария ауданының бұрынғы №5 ауылы “Октябрь” колхозында Еспембет Бектемісұлы деген кісі болған. 16 жасында байларға жалданып, жұмыс істейді, жалаңаяқ, жаяу-жалпы Меккеге барады. Қайтып келіп еңбек етіп, қаражат жинап өз бетінше екінші рет Меккеге барып “қажы” атанады. Сол қуғын-сүргін жылдары ұсталып, қамауда бір-екі жыл болып, босанып ауылына келгеннен кейін 1930 жылы қайтыс болған. Ол кісінің Шахап деген ұлы сол кезде он-он бір жаста болған. Оны “молданың, қажының баласысың” деп мектептен қуған, ақыры фамилиясын өзгертіп, немере ағасының атына Қаюпов болып жазылған.
“Молда-ишанның, бай-құлақтың, би-болыстың баласы” деген бір ғана ауыз сөзбен осындай жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандар қаншама. Ол кезде молда болса да, молданың баласы, немере-шөбересі болса да, аса білімді, сауатты болса да молдалар санатына жатқызған.

“Аза” кітабынан алынды