Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЙІНЕ ЖЕТУ ҮШІН КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТКЕН

ҮЙІНЕ ЖЕТУ ҮШІН КӨЛІКТІ АЙДАП КЕТКЕН

Ақмола полицейлері бөтен көлікті айдап әкеткен Көкшетау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 3 қаңтар күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, сауда үйлерінің бірінің жанына қалдырған «Toyota VItz» маркалы автокөлігін белгісіз біреулер айдап әкеткен.
Көлікті от алған күйде қалдырған, ал кілт көлік ішінде тұрған. Дүкеннен шығып, «темір тұлпарын» таппаған зардап шегуші бірден полицияға хабарласқан. Көлікті іздеп табуда «Ұстап алу» жедел жоспары іске қосылып, бағдар полицияның барлық бекеттеріне жолданды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жол-патрульдік полициясы батальоны қызметкерлері бейнекамералар көмегімен Көкшетау қаласының 27 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Күдікті сол күні мас болғанын, сауда үйінің жанынан өтіп бара жатып, ішінде кілті бар ашық қалған көлікті көрген соң оны үйіне жету үшін айдап кеткенін мойындады. Сондай-ақ, ол көлікті басқара алмай жол апатына ұшырап, көлікті жол үстінде қалдырып, жасырынған.
Аталған факт бойынша ер азаматқа қатысты ҚР ҚК 200 б. 1 б. (автокөлікті немесе көлік түрін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүруде.
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, жыл басынан бері Көкшетау қ. ІІБ ЖБО камераларының көмегімен 2 қылмыс, өткен жылы 125 қылмыс ашылған.
06 қаңтар 2018 ж. 1 308 0