Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылысқа қойылатын басты талап - сапа мен мерзім

Құрылысқа қойылатын басты талап - сапа мен мерзім

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысы талқыланған мәжіліс өтті. Оған қала және аудан әкімдері, жауапты сала жетекшілері қатысты. Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, құрылыс қарқынын арттыруды, жыл соңына дейін жоспарланған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар құрылыс материалдарының сапасына тұрақты бақылау орнатуды, бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсауды, жаңа мектептер мен тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды міндеттеді.

Өткен жылы құрылыс саласына 128,5 млрд. теңге, биылға 170,1 млрд. теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 8,1 есе артқан. Әлеуметтік ірі жобалардың қатары көбейген. Биыл сол жағалаудағы физика-математика мектеп-интернаты, музыкалық колледж, тарихи- өлкетану музейі, шығармашылық- инновациялық орталық, "Келешек мектептері" және "Руханият орталықтары", «Қайсар» футбол клубының 11 мың орындық жаңа стадионы, тағы басқа нысандар құрылысы аяқталып ел игілігіне табысталды.

Жыл соңына дейін сол жағалаудағы спорт кешені, «Достық үйі», Арал ауданы Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп, аудандардағы орталық ауруханаларды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталмақ. Қазіргі уақытта «Қызылорда арена» кешені, онкологиялық бөлімшесімен бірге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік аурухана құрылысы қарқынды жүруде.

Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі

29 қазан 2025 ж. 268 0