Интернатта оқып жүр...
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Абай.
Әбдіғаппар мен оның достары, замандастары Мырзан мен нағашы ағасы Мұсалардың жастық шағы еске түскенде ерекше елжірей еске алатын шағы интернаты мен ондағы өмір.
Интернат – әуелі білім ошағы. Интернат тәрбие-тәлім мектебі. Интернат өмірдің алғашқы сатысындағы шыңдалу кезеңі.
Ауыл баласының ойыны мен еңбегін ажырата алмайсың. Ойнап жүріп еңбек етеді. Еңбек ете жүріп ойнайды. Үлкендер «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы» деп ойыны мен еңбегіне шектеу қоя қоймайды. Несіне шектейді, бар жұмысы бітіп жатса. Бар айтары «баланы жұмсағаның білінбейді» деп арқасынан қағып қоя салады. Біздің замандастарымыздың ойнап жүріп атқарған жұмысын бір бригадаға ақы беріп істете алмайсың. Осы бөлімді аяғына дейін шыдамың жетіп оқи алсаң осы ойларымызды дәлелдеп алар едік.
Малшының баласын мектепке беру бейбіт күнде соғысқа аттандырғандай ауыр жұмыс. Ес білгелі үйден аттап шықпаған балаларды мектепке жіберуге ата-ана да, бала да құлықты емес. Білімсіздің күні қараң екенін білген соң амалсыздан, әрбір азаматқа білім міндеттелген, тәртіпке бағынбасқа шараң жоқ. Мектепке барар бала алдын-ала дайындалады. Ер бала болса сүндетке отырғызылып қолы жеткендер астына тай мінгізіп «сен енді ер жеттің, еркек болдың» – деп бір қоқырайтып қояды. Күнде ертең оқуға барғанда беті қолың таза болсын – деп жуыну тазалығы пысықталады. Сотқарлау, еркекшоралау бала болса ертең оқығанда өйтпе – бүйтпе деп тәртіптің тезіне сала бастайды. Қазіргі педагогтар мұны «Психологиялық дайындық» немесе «адаптация» деп атап жүр. Соның бәрін шала сауатты, бірақ өмір мектебін көрген жалғыз ата – ана атқара береді. Осындай дайындықтан өткен Әбдіғаппардың да мектепке баратын уақыты да келіп жетті. 1965 жылдың 1-қыркүйегінде Қызылорда қаласындағы Гагарин атындағы мектеп интернатының табалдырығынан аттауына тура келді. «Барлық жақсылығымыз балаларға» деген ұранды жалау еткен кеңестік жүйе малшы балаларына бар жағдайды жасап бақты. Ақ шатырдайтаза төсек, үш мезгіл ыстық тамақ, жарық та жайлы оқу бөлмелері. Ауыл баласы басқа бір әлемге тап болғандай күй кешеді. Апта сайын моншаға түсудің тәртібі тіпті қатаң. Сабаққа, асханаға барардағы сап түзеп бару. Үйректің балапандарындай тізіліп, сапты бұзбай жүре білу де бір өнер. Мектептің тәртібі тіпті ерекше. Әсіресе сия сауыт, дәуіттің жыры өз алдына бөлек әңгіме. Сия төгіп алу, перо жабысқан қыл-қыбыр, қағаз қиындылары дәптеріңді былғап алсаң онсызда дәптер табу қиынның қиыны. Қыр баласының қала өміріне сіңісіп кетуі екі талай. Қазақы ұяңдық ауыл адамдарының қала халқы туралы алып қашпа әңгімелерінен кейінгі үрей. Қыр қазақ баласы қалада «Суда жүзген балықтай» еркін көсіле алмай, пұшайман етеді. Дала баласына тән еркіндік, қала өмірінің толып жатқан шектеулеріне қамалып тұсаулы аттай тұқырта береді. Жақсы жағдай кез келген жанға жаға бермейді екен. Торға қамалған түз тоғысындай күй кешкен Әбдіғаппар қала мектебінің екі жылына әрең шыдады. Атасы мен әжесі Орынкүлді көрген сайын екі көзінің жасын көл етіп тордан шығарып алуын айтудан талмады. Баланың жай – күйі қарттарға қатты батты. Ақыры бала мен келінін көндіріп ауыл мектебі жанындағы интернатқа ауыстыруға келісті.
Күз, қыс айларында барлық керует шеткері жиналып, ер балалардың бөлмесінде ләңгі ойыны қызады. Бөлме ақ шаң мен тер иісі қолқаны қабады. Ит пен бала қорыған жерге өш екені рас-ақ. Мұғалімдер қорғасын құйылып серке терісінен жасалған қанша ләңгіні тәркілеп жатса да бұл ойынға деген балалардың құмарлығы артпаса бір мысқал да кеміген емес. Әр аптаның әр бірінші күні болатын мектепішілік лездеме жиынға сабақ үлгерімі, тәртібі, тазалығы нашар оқушыларды жазалау қатаң бақыланады. «Линейка» аталатын осы жиында ләңгі тебушілер тәртібі арнайы қаралады. Мектеп басшылығы сонша мән берген «ләңгі мен күрес» науқанының қоғамға, оқушыға қандай қауіп төндіріп тұрғанын білмей дал болған оқушылар. Қандай жаза болсын үнсіз көтеретін. Сұрау, қарсыласу болмайтын.
Интернат өзін-өзі тәрбиелеу мектебі. Орта арқылы тәрбиелеу қағидаттарын берік ұстанады. Бұл жерде «Бірі бәрі үшін, барлығы бірі үшін» ұранын берік сақтайды. Бірге ләңгі теуіп, бірге алысып, жұлысып күресіп жүрген ересек белсенділердің өзі ауық – ауық «ләңгішілермен күрес» науқанының белсендісіне айналып жазалауға бейім тұрады.
Баспа құралы кез-келген кемшіліктің қас жауы, негізгі қарсыласы. Мектеп бойынша түрлі атаумен шығатын қабырға газеттері мен интернаттың апталығы «Кірпі» қалам қаруын ең жанды жерге батырып бағады. Оның сыны көздеген жерге дөп тиетін себебі де жоқ емес. Оны шығарушы тілшілер сол ортаның белсенділері.
Бірі суретін салса, бірі сөзімен өлеңін жазады. Шаханұлы Мұсаның өлеңдері:
Көрдіңдер ме Әлиді,
Бұны бәрі таниды.
Жәшікке тығып ләңгісін,
Соншама неге қарғиды, - деген мазмұнда келеді. Немесе:
Мынау біздің Батырбай,
Футбол ойнап қатырды-ай.
Сындырып ап терезені
«Мен емес» деп жатыр-ай.
Газетке шыққан кейіпкерлер интернат жиынында қаралады. Тәртіп бұзушының аға, әпкесі бауырының кемшілігі үшін жазалы болып, өзінің жауапкершілігіне алып, түзелуге ант беріп жиналыстан кешірім алуға тырысып бағады. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп топқа түсіп ескерту алу, келешекке сабақ болып көпке дейін қайталамауға тырысып бағасың. Жиында мәселесін қараған белсенділерге деген өкпе-реніш апта айналып келетін демалыстан келгенше ұмытылып та кетеді. Ал кезекті оқу каникулдарынан кейін тіпті ізі де қалмай балалар бір-бірін сағынысып қалады.
«Кірпігеде», жиналыста да бір-бірін сынамайтын кемшіліктерде бар. Бұл өте құпия түрде өтеді. Мұғалімдер мен қойма меңгерушілері сезіп қойып, сан сұраққа алып жазалап жатса да тіс жармайды.
Асхана қоймасына ұрлыққа - түсіп нан, печенье, прайник алу еш ашылмайтын қылмыс.
Өйткені бұл «операцияны» ер балалар бөлмесіндегі бар бала біледі. «Оған менім қатысым жоқ» деп ешкім айта алмайды. Бүгін болмаса келесі ұрлыққа қатысып қалауың ғажап емес. Бұл қылмысқа баратындарды белсенділердің өзі шешеді. Ұрлыққа бұл істе қанағатшылдық үстемдік құрады. Бөлмеде он болсын, он бес болсын бір бөлке нан, бес печенье, болмаса бес прайниктен артық алуға тиым салынған.
Бұл қылмысты мойындау немесе біреуге жабу сатқындық болып есептеледі.
Ең соңғы ас кешкі алтыда. Үй тапсырмасын орындау, кітап оқумен уақыт өткізген ойын баласының төсекке жатқанда шек-қарындары шұрылдап, қарны ашудың белгісін білдіретіні бар. Міне осы кезде саналы түрде тәртіп бұзушылыққа барасың. Неге екенін қайдам осы нан ұрлаушыларды індете іздеп, жазалауға интернат басшылары да онша құлықты емес. Балалардың аш құрсақ жүретінін өздері де білсе керек. Қойманын есігінің құлпын асқан ептілікпен ашып, қылмыс жасаушыларға көз аларта қарап, үнсіз ескерткені болмаса қатаң жазалай қоймайтын.
Интернатта көп нәрсе жетісе бермейді. Киім үтіктеу деген түске де кірмейтін шаруа.Түнде жатар алдында шаң-тозаңнан тазартылған шалбар су себіліп немесе, ылғал шүберекпен жабылып төсек астына ұқыпты етіліп төселеді. Керуеттің тор сымының ізі түспеу үшін, қатты кардон төселсе тіпті жақсы. Таңертен сабаққа барарда қыры пышақтың жүзіндей шалбар интернат балаларының ес жиып, ересек жігіт бола бастағандығынан хабар береді. Интернаттың тәртібі мен ішкі ережелерінің де тиым салуға келмейтін бір түрі – интернаттан қашу. Интернат жиыны да бұл тәртіп бұзушылықты ауыздықтай алмасын біле ме?
Бұл мәселе талқыға да түсе қоймайды. Бұл оқиға көбіне аптаның соңғы күндеріне көп келеді. Жексенбілік бір күн демалыс малшы баласына аздық етеді. Сондықтан демалыстан бірер күн бұрын дайындық басталады.
Алдын-ала сол байланысқан балалардың бұл күнгі тәртібінде еш мін болмайды. Барлық сабаққа түгел қатысып, тәртібі де үлгілі болады. Шала – шарпы оқылған тапсырманы айту үшін қол көтеріп, өз еркімен тақтаға сабақ айту да осы күндері болады. Әдетте мұғалімдер бағасы жоқ интернат балаларын журнал бойынша тақтаға шақырып, сабақ сұралады. Түскі, кешкі, астан кейінгі асхана бөлме тазалығы да тап-тұйнақтай болады. Жатақхананың бөлмесі іштен іліп, қашу тек терезе арқылы болады. Таң елең-алаңда есіктен шығыпта кетуге болар еді. Қашқан соң қашудың белгісін білдіріп тек терезеден шығып қашу керек. Тәрбиешілері қашқан баланы қуып әуре болмайды. Әбдіғаппарды Қарақұдықтан, Мұса мен Талғатты Сарының тамынан, Мырзанды Ілияс шұқырынан, Төребайды Пірәліден іздеу бос әурешілік.
Қашқан топ жұбын жазбай Қарақұдықтан немесе басқа бір қыстаудан шыға келуі мүмкін. Таң атпай шыққан топ көбіне таңғы шайдың аяғын ала бере қыстауға жетіп жығылады. Бір қолын екі ете алмай жүрген әке-шеше сау етіп балалар келе қалғанда
– Сабақтарың қайда? – деп кейістік білдірген кейіп танытқанымен қытымырлық таныта қоймады.Тапа нан мен түннен қалған еттің жылытпасына тойып алған балалар ауыл айналасындағы жұмысты жапырып жібереді. Бір аптаға жететін ауыл іргесінен тасып әкелінген сексеуіл тау-тау болып жиналады. Ыбырсып шөп-шаламнан, шашылған саңылтырдан аяқ сүрінетін қора жылан жалағандай болады. Қой қораның қалыңдап кеткен қиын ойып, сыртқа шығарып тасу да сәтімен біте қалады. Асарлатып атқарылатын бұндай жұмыс кезегі келген тағы бір интернат сарбазының үйінде жалғасады.
Ара тұра тұзақ құрып қоян аулау, тазы жүгіртіп, оқ ату да ұмыт қалмайды. Интернатта айызы қанбай қалған ләңгі, күрес, айкол-сайкол ойындарының иі қанып, бір жасап қаласың.
Бас білінбеген буыршын, шу асау тай-тулақты бас үйретуге мойын жар бермей жүрген іс те оясына келе қалады. Мойнынан бауырына алып тоңқыған тай-тулақ секірсе бірге секіріп, шанши шапса тас кенеше жабысқан, тақымы мықты бозбалалардың мысы баса ма кешке дейін айтқанына көніп, айдағанына жүріп жуасып қалады. Кейінде бөтен мінез таныта қоймайды.
Осы жұмыстардың бәрінде Әбдіғаппар алда жүреді. Нағашы атасы Құламқадір мен өз атасы Асан бұл шаруаны баяғыда-ақ үйретіп қойған. Ал, ен далада еркін жайылған жабайы есекті бас білдіру сәл қиынырақ шаруа. Оған дайындық бірер апта бұрын басталады. Қойға мінетін көнбіс жабыдан гөрі жүйрік шабысты ат бірер апта бұрын жемге қойылып, қоңын көтеріп алады. Өткен ғасырдың алпысыншы, жетпісінші жылдарына дейін үйір-үйір жабайы есектер Қызылқұмда босып жүретін. Жабайы аң жарау, шабысты аттық күші мен епті айла-тәсілі жетік жандарға ғана бағынады. Жүйрік аттың күшімен ғана жабайы жануарлар үйірін қайырасың. Қораға жақын әкелген күнде де, қораға қамап, бұғалық тастап есек ұстау жігіттің жігіті мен аттың атына сын болатын жауапты іс. Сәтімен екі-үш есек бас білдіре алсаң, малшының қысы-жазы тынбайтын жұмысының жартысы тынды дей бер.
Көктемде қой төлдеткен малшы үшін ең сенімді көлік есек. Күніне жиырма-отыз қой туып төл төгіні болып жатқанда, жерге жақын бұл көліктен басқа көлік шыдас бере қоймайды. Есекке теңлеген қоржынға әрі кеткенде он қозы кетеді. Жаңа туған төлді далаға тастап та кете алмайсың. Әлсін-әлсін төл тасымалына жүрісі жайлы бұндай көлігі барлардың шаруасы оясына келіп жатады. Жар басындағы бұлақтан ауыз су тасуда күтімді көп қажет ете қоймайтын осы түліктің міндеті. Екі флягті теңлеп алып бала-шаға бұл жұмысты тындыра береді. Бойы сорайған түйемен тасымалданатын шаруаны бала-шағаға сеніп тапсыра алмасың да анық. Қыста шөп, қи, отын тасу үшін жегілген арбаның айнымас серігі тағы осы бойы шағын болғанымен күші көп осы түліктің міндеті. Көп күтім қажет етпейтін басқа малдан артылған шөп, саңылтырды қорек етіп тұра беретін есегі барлардың ат көлігі аман, күйлі болады.
Масақ тере барған бала-шаға, кемпір-шалды Сыр елінде есексіз елестете алмайсың. Кешке дейін терген екі-үш қап масағын есекке көтеріп салу да онша қиынға соқпайды. Кемпір-шал арасы алыс құдайы-тойға жаяу бара алмасы тағы анық. Қазіргі заманның таксиінің қызметін атқарған ұзын құлақты еті арам саналғанымен еңбегі адал бұл мақұлыққа қазақ кемпір-шалдары риза шығар.
Ия, бұл үрдісте ұмыт болғалы қашан. Қазір ауылда есек ем екен десе таба алмассың. Табиғат адамға көмекші етіп жаратқан бұл жануарлар түз тағысы қасқырлар көбейген соң күрт азайды. Біздің мейірімсіздігімізден жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Жылына қанша аң-құс, жәндік-өсімдік елеусіз жойылып кетіп жатыр. Енді есектің тұқымының тұздай тозуына жол беріп отыра берер ма екенбіз?
Есекті міну ұят саналатын, ат үстіндегі азаматқа сын болып есептелетіні тағы бар. Атқа мінуге жараған азаматын шаруадан тыс кезде есек мінгенін ересектерде қаламаған. Әбдіғаппардың басынан кешкен мына оқиға еске оралғаны.
Көктемде Сарысуға қой айдаған көшке ерген Әбдіғаппар қара кебірден қырға шығып кеткенше жүйрік атын күйін тайдырып алмайын деп көштің соңындағы түйеге жегіп қояды. Өзі шаршауды білмейтін есекке бұт артқанды. Нағашысы Құламқадір көші қонға көмегім болар ма екен, – деп көшке ілеседі. Тақыраңдау жерде жиеніне кездескен қуақы қарт, амандық-саулық сұрасып тұрғанда – Есегі құрғыр талтайып тұрып дәрет сындырады. Қарттардың көзінен бұндай жайт қалт кетуші ме еді? Табан астында:
Мергеннің ет қайнайды бақырында,
Кездестік Дариялықтың тақырында.
Ат тұрып мына жігіт есек мінді,
Есегі артын ашты ақырында – демесі барма. Намыс қысқан Әбдіғаппар есектің ер-тоқымын сыпырып алып, қоя берді. Содан кейін есек мінбестен кетті.
Біздің бала кезімізде теледидар енді шыға бастаған кез. Алыс ауылдарда радиоқабылдағыш болмаса, теледидар көру мүлде жоқ. Радиоқабылдағышта үнемі тарта бермейді, ия тоғы таусылады. Қой қораға кірген соң кешкі астан кейін көзі ашық интернат балалардың бір ермегі ересектерге кітап оқып беру. Әбдіғаппар ата-әжесінің тапсырмасына орай демалыс күндері қойнына кітап қыстыра барады.
Батырлар жыры, қисса-дастаннан ересектер ешқашан жалыққан емес. Кейіпкерлер зынданға түссе бірге егіліп, жеңіске жетсе желпініп тақиясын бір киіп, бір шешіп тершіген желкесін, жас жуған бетін көлдей ақ орамалмен сүртіп әлек-шәлегі шығатын. Балалары жыр-дастан оқуға жарағанына шүкірлік айтып бір марқайып қалатын. Қазақтың қара өлеңіндегі айтыла беретін «Ішпедім көлдің суын құртын көріп, Қуанамын балаларымның сыртын көріп» бала шағасының аман жүргеннен басқа бақытты ата-ана тілей қоймайды.
Біздің замандастарымыз шана теуіп, дария жағалап доп таяқ қуып алқын-жұлқын ойнап ыстық пен суыққа суарған шар болаттай ширақ болып өсті. Ойнап жүріп үй шаруасын бітірді. Шаруаны күйттеп жүріп ойын ойнады. Табиғат аясында табиғат Анамен етене өсті. Табиғаттың бір бөлшегіне айналып ғұмыр кешті. Осы кейіпкерлеріміздің ең жасының өзі бұл күнде алпысты алқымдап тастады.
Алда-жалда қазіргі жастардың бірлі жарымы осы дүниені оқи қалса өздерінің ата-әжелерінің басынан кешкен оқиғаларды, өмір салтын көз алдына елестете алар ма екен? Әлде басқа бір ғаламда болған оқиға сияқты көрініп, түсіне алмауы да мүмкін-ау.
Күндіз – түні компьютермен, айфонға телмірген жас жеткіншектеріміз сексеуіл сындырып отын алу, отын бұтау үшін қолына балта ұстамаған. Есік алды жерін аударып тал егіп, бақша егіп көрмеген қазіргі әлжуаз ұрпақтың болашағын көз алдымызға елестете алмай біз де далмыз.
Жоғарыда әңгіме болған үй шаруасынан тыс мектептерде сенбілікке шығып, қала-даланы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын атқардық.
Әр оқушының мектеп алды тәжірибе шаруашылығында арнайы участогы болып қай күні қандай дақыл ектің, қашан бүр жарды, гүлдеді, қанша өнім алдың деген сияқты журнал жүргізіп ғылым мен еңбек тәжірибиесі ұштастырылатын. Сынып жетекшілеріміз қанша оқушы қандай спорт секциясына, қандай үйірмеге қатысатындығы тіпті қандай кітап оқығанының есебі жүргізілетін. Мектептегі ең негізгі ұран «Оқу мен еңбек егіз» деп жазылып қоятын.
Бүкіл әлем Астанаға ЭКСПО-2017 –ге көз тіккен кезеңде бізде ұлы көшке ілесіп Елордаға барудың сәті түсті. Қазақтың мақтанына айналған шаһардың қай қызығын айтып тауысарсың, демалыс күндердің бірінде болған бір оқиғаның еске түсіп отырғаны.
Астанада Сыр бойынан барған іні-бауырларымыз Есіл өзенінің бойына бой сергітіп қайтайық деп жолға шықтық. Тамыз айы болса да күн отыз бес қырық градустан түспей тұрған астаналықтардың бәрі өзен жағалап кеткен екен. Өзен жағасында бос орында болмай шықты. Жарты сағаттай жағалап келіп кісі аяғы саябырлау жерге тоқтап енді бой жаза бастағанымыз сол еді «Құтқарыңдар» деген дауыстан соң бәріміз өзенге киіммен секіріп-секіріп кеттік.
Тоғыз жасар бала табанына тас батты ма тас төселген өткел арқылы арғы бетке беттеп бара жатып ағын суға құлап тереңіне аға жөнелді. Баласын құтқармақ болған отыз-отыз бес жас шамасындағы қаланың күн тимеген аққұба жігіті де суға секірді.
Асфальтта өскен қала жігіті өзі суға бір батып, бір шығып жанталасты да қалды. Сырда өскен біздің бауырлар әуелі баланы судан алып шықты. Аяқ-қолы тырбаңдап жанұшырған әкені құтқару тіпті қиын болды. Баланы тіземе салып жұтқан суын ағызып, еңіске жатқызып қойып есін әрең жиғыздым. Бір таңқаларлығы тас қабырға, тас жолда өскен қалалықтар ең болмаса орнынан тұрып, мойнын бұрып қарамағаны болды. Он, он бес минут тілге келе алмаған жігіттің жары, баланың анасы «Сен бізге қорған бола алмайды екенсің ғой» дегені. Бір ауыз сөзге сыйған үкім сөзді естігенде жастарды тәрбиелеудің жолын қайта қарар ма еді деген ойда қалдым. Кеңестік мектептердегі жан-жақты тәрбие беретін коммунистік тәрбие негіздеріне көз қырын салар ма еді. Кеңес педагогы А.С.Макаренко сөзімен айтсақ «Балаларды өзі жүрген жердегі кез-келген заттар мен құбылыстар тәрбиелейді» әсілі табиғаттан қол үзуіміз жақсылық емес-ау.

Жұмабай Байзақұлы,
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі,
Бесарық ауылы
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі,
Бесарық ауылы