Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бітім-болмысы ерек тұлға

Бітім-болмысы ерек тұлға

Бүгінде Тереңөзек кентінде соғыс жауынгері Қажыман Асанов атамның атындағы көше бар. Небәрі 17 жасында соғысқа өзі сұранып, аттанған Қажыман Асанов атамның биыл туғанына 101 жыл толады. Ленинград майданында мергенші болған даңқты жауынгер Берлин түбіндегі шайқаста ерлік көрсетті. Өшпес ерлігімен, жеңіспен оралған Қажыман Асановтың өмір жолы өнеге. Жаудың бетін қайтаруда табандылық танытқан майдангер «Қызыл жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен марапатталғаны мәлім.

Адалдықты ту еткен атамыз Зағипа анамызбен бірге ұлағатты ұлдар мен тәрбиелі қыздарды өсірді. Гүлнұр әпкемізді алдына алып, күйсандық тартатыны есімде қалған. Өзі де еңбеккеш адам еді. Қазіргі таңда ұрпақтары егемен ел дамуы жолында жауапты қызметтерді атқаруда. Жан дүниесі бай, парасатты Қажыман Асанов біздің есімізде мәңгі сақталып қалды. Батырдың құрметіне Тереңөзек кентінен көше берілген. Қ.Асанов еңбек жолын банк жүйесінің инструкторы қызметінен бастаған. Қызмет ете жүріп, орта білімін жалғастыру мақсатында кешкі мектепке түсіп, оныншы сыныпты аяқтайды. 1952 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің қаржы факультетін сырттай оқып бітіреді. 1954 жылы білікті маман ретінде Қармақшы аудандық банк бөлімшесін басқаруға жіберіледі. Ізденімпаздығы, жауапкершілігі, ұйым­дастырушылық қабілеті оны көпке танытады. Еңбегі ескеріліп, 8 жылдан кейін облыс орталығына шақырылады. Екі жылдан кейін 1964 жылы Тереңөзек аудандық банк басшысы болып ауысып, осы салада 20 жыл бойы басшылық қызметте абыройлы еңбек еткен. Қолға тиген деректерді қарап отырсақ, Қажыман атаның көпшілдігі, қайырымдылығы, қанағатшылдығы, қызметіне адалдығы оның қоғамда үлкен беделге ие болғанын көрсетеді. Сол абыройдың, биік беделдің арқасында облыста алғаш рет типтік жобадағы банк бөлімшесінің ғимараты 1975 жылы Тереңөзекте салынып, пайдалануға беріліпті.

Шын мәнінде, көкемнің қолында мен тәрбиеленген болатынмын. Қа­жыман атамның бітім-болмысы ерекше еді. Сабырлы қалпынан таймай, қашанда білгенін жастарға жеткізіп отыратын. Үй шаруасына мығым атамыз қаржыгер мамандығын жетік меңгерген. Оның үй құстарын асырағанын көзіміз көрді.

Қажыман атамыздың есімін жаңғырту – біз үшін абыройлы борыш.

Саттар ӘБДІРЕЕВ

10 мамыр 2025 ж. 137 0