Қазақ түсінігіндегі мифтік қаһармандар
Мифолог ғалымдардың айтуынша, қазақтың мифтік түсінігінде 200-ге жуық қаһарман мен кейіпкерлер бар екен. Бұл дегеніміз – халқымыздың мифтік түсінігі өте бай деген сөз. Олардың арасында аса мықты, көбіне танымал қаһармандар бар, солардың кейбіріне тоқталайық.
Алып қара құс. Миф. Қазақ танымындағы қара күшке ие құс. Жаңа туған нәрестені дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша оның жанын алып кетуге әрекет ететін күш. Ырымның көне бір түрі – босанған әйелдің терезесінің алдына сүт құйылған ыдыс қойса, ол нәрестеге келе жатқан алып қара құстың назарын аударады-мыс.
Аю дәу. Дәулердің ішіндегі адам мен аюдың қосылуынан дүниеге келген жағымды кейіпкер.
Бабай түкті шашты әзіз. Қолдаушы, қауіп-қатерге ұшыраған адамға көмек көрсететін әулие.
Бәйтерек – Үш әлемді (жоғарғы – көк, ортаңғы – жер, төменгі – өлілер дүниесі) байланыстыратын медиатор, әлемдік ағаш.
Жалғыз көзді дәу. Дүлей күшке ие ретінде суреттеліп, қазақтың біраз ертегісінде кездесетін жалғыз ғана көзі бар мақұлық.
Жеті басты жалмауыз. Қазақ мифологиясында жеті басты жалмауыз көп жағдайда айдаһар, кейде жалмауыз кемпір бейнесінде суреттеледі.
Желаяқ. Желаяқ аяғына қазандай қара тас байлап алып жүреді, әйтпесе, тоқтай алмай қалуы мүмкін.
Жетіқат көк. Ғалам құрылымының жеті қабатын (жеті планета: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз, Юпитер, Сатурн) бейнелеген мифтік таным негізінде қалыптасқан (Н.Уәли).
Көк тәңірі. Ежелгі түсінік бойынша түркі елдерінің, оның ішінде қазақ халқының күнге табынған танымына сай қалыптасқан күллі əлемнің жаратушысы.
Қаңбақ шал. Қазақ аңыз, ертегілеріндегі өте жеңіл, кішкентай шал.
Мекер. Қазақ тұрмыстық мифологиясындағы зұлым рухтың аты.
Періште – Құдайдың әмірінәлемге жеткізуші. Табиғаттан тыс қанатты көмекшілері.
Саққұлақ. Ертегілерде ел естімегенді естіп, әр нәрсені естіп-біліп отыратын кейіпкер.
Сөрел (Орман кісісі). Қалың жынысты, мүлгіген орман-тоғайды мекендейтін, түрі адамға ұқсас, кеудесі қушық келген, тұяғы жұқа, бойы ұзын пері.
Су иесі Сүлеймен. Мифтік наным бойынша, судың пірі, жебеушісі, су пайғамбары.
Ұмай. Түркі мифологиясында «Ұмай ана», кейінгі қазақ, қырғыз тілдерінде «Май ене» түрінде сақталған Ұлы Ананың тәңірлік есімі.
Шойынқұлақ. Қазақ ертегісіндегі дәулер бейнесіндегі ұнамсыз кейіпкер.