Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң мен тәртіп» – жарқын болашақ кепілі

«Заң мен тәртіп» – жарқын болашақ кепілі

2026 жылғы 14 мамыр күні Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде және «Сырдария – қауіпсіз аудан» жол картасы аясында Қалжан ахун ауылдық округінде орналасқан №126 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті.

Аталған кезедесуге аудандық прокуратураның, аудан әкімдігінің, төтенше жағдайлар және білім бөлімінің жауапты өкілдерінің қатысуымен мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, топтық төбелес, буллинг, ұрлық, сталкинг, жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік, түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің жауапкершілігі айтылды.

Бұдан бөлек ата-аналарға бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі тек мектептің емес, ортақ жауапкершілік екендігі назарларына жеткізілді. Тәртіп бар жерде ғана нағыз еркіндік пен қауіпсіздік болатыны белгілі. Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық санасын оятып, жазғы демалыстың пайдалы әрі қауіпсіз өтуіне өз септігін тигізеді.

15 мамыр 2026 ж. 30 0