Ақтөбеде алып нәресте дүниеге келді
Ақтөбеде 6 келі 350 грамдық нәресте өмірге келді. Бұл соңғы бірнеше жылда өмірге келген алғашқы алып сәби, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Тастамбековтер отбасында ерекше қыз бала өмірге келді. Оның туған кездегі салмағы – 6 келі 350 грамм, ал салмағы 64 сантиметр.
34 жастағы ақтөбелік Бибігүл Байболатова нәрестені өз күшімен босанған. Босану оңай болмаған, дегенмен бәрі сәтті аяқталған. Сәбидің шашы туғаннан қалың әрі қара түсті. Оның дене бітімі үш айлық сәбимен бірдей. Ата-анасы оны Кәусар деп атады. Ол отбасындағы алтыншы бала.
«Оның әкесі Ринат екі жыл бұрын намаз оқи бастады. Екі жыл қатарынан Алла тағала оған қыз берді. Оған дейін төрт ұлы болған. Қазір олардың үлкен қыздары 2 жаста. Біз алдымен Аллаға, екіншіден перинаталды орталық дәрігерлеріне алғыс айтамыз», - дейді нәрестенің әпкесі Жеңісгүл Тоқпағамбетова.
Тастанбековтер отбасы жақында Атыраудан Ақтөбеге көшіп келген. Кәусардың әкесі мұнай саласында жұмыс істесе, анасы балаларды тәрбиелеп, үйде отыр.
Baq.kz

Пікір 20