Тәлкекке түскен тағдыр
Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясовтың ісі туралы
Бұрынғы облыс басшысы Сәлімгерей Тоқтамысов туралы «Қалтыратқан карта» атты мақала жазылған кезде Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов ағамыз жайында жағымсыз деректер кездесіп, қатты көңілім қалған еді. Бала кезімізде Нағи ағамызбен мақтанатынбыз. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілген. Венгрия қаласы Будапештте оның есімімен көше аталған, 1945 жылы Мәскеуде өткен алғашқы Жеңіс парадына қатысқан. Расын айтқанда, батыр ағамыздың ерлік үлгісімен талай ұрпақ тәрбиеленді. Жастар үлгі тұтып жүрген ағамызға жоғары лауазым иелерінің үлкен мінбеден «жулик и проходимец» деп айтқандары, әрине, жанға батты.
«Қалтыратқан карта» атты мақала 1962 жылы «Правда» газетінде жарияланған «Битая карта» атты фельетон негізінде жазылған болатын. Газет тілшілері Ф.Бреце мен Х.Қаржаубаев Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Тасыбаевтың берген түсініктеме хатына сүйеніп, облыс басшысы С.Тоқтамысовтың көмекшісі Әлімбетов, басқарма бастығы Адамов және Жалағаш аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары Ілиясовпен, яғни қол астындағы қызметкерлерімен бірігіп, карта ойнағанын сықақ тілімен қатты сынға алған екен. Ілиясов ағамыз туралы былай делінген: «...Всех должностей этого игрока не перечесть. Скажем только, что хозяйствование Ильясова в качестве директора «Заготскотооткорма» обошлось государству в 1.092.800 рублей убытка и в 141 тысячу рублей растрат и хищений. Но даже это сокрушительное банкротство не помешало Ильясову занять еще одну руководящую должность: он стал заместителем председателя Джалагашского райисполкома».
Мәскеулік журналистердің пікірі бойынша облыс басшысының картаға құмар екенін біліп, қарамағындағы қызметкерлер арнайы карта ойынын ұйымдастырып, оған қасақана ақша ұтылып тұратын көрінеді. «Осындай арсыз жолдармен облыс басшысының қамқорлығына ие болып, олардың қызметтері жоғарылап отырған» дейді тілшілер. Олар фельетонда былай деп жазады: «Люди стали замечать, что любовь Салимгерея Токтамысовича при подборе кадров неизменно сопутствует тем, кто активно проигрывает ему в кулыс...». Дәлел ретінде Адамов пен Ілиясовтың бұрынғы атқарған қызметтерін түгендеп шығады.
1962 жылы 21 қаңтарда Қазақстан КП Орталық комитетінің Бюросы «Правда» газетінде жарияланған фельетонға байланысты арнайы отырысын өткізіп, Қызылорда облыстық партия комитетінің жұмысындағы елеулі кемшіліктер жөнінде қаулы қабылдайды. Бюро ұсынысы бойынша 1963 жылы 10 қаңтарда Қызылорда облыстық партия комитетінің V Пленумы өтеді. «Қызылорда облыстық партия комитетінің жұмыстарындағы елеулі кемшіліктер» күн тәртібінде екінші мәселе болатын. Алайда Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы И.Юсуповтың ұсынысы бойынша бірінші болып қаралады. Пленумды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Шушарин ашып, хабарламаны Юсупов жасайды. 1960-1962 жылдар аралығында облыс көлеміндегі жемқорлық пен талан-таражға түскен қоғамдық дүние-мүлік туралы нақты деректер келтіреді. «На объектах народного хозяйства области выявлены растраты и хищения на сумму 755.592 рубля. При этом большая часть расхищенного имущества и скота списывается на убытки, – дейді республика басшысы. – Крупные злоупотребления выявлены в системе треста «Заготскотооткорм», где допускались многочисленные факты замены взрослого скота на молодняк, сокрытия от учета полученного приплода. Под видом отоваривания нарядов здесь скот раздавался разным лицам по оптовым ценам и даже бесплатно». «Заготскотооткорм» мекемесіндегі ұрлық пен ысырап ету қылмыстарына бұрынғы басқарушысы Нағи Ілиясов кінәлі болып шығады. Пленумда қабылданған қаулыда былай делінген: «Бюро обкома партии не только не приняло решительных мер к пресечению фактов расхищения государственного добра в системе треста, но по существу взяло под защиту жулика и проходимца, бывшего управляющего трестом «Заготскотооткорм» Ильясова, которого позднее председатель облисполкома тов. Оспанов протащил даже на руководящую советскую работу».
Осыдан кейін Н.Ілиясов қызметінен босатылады. Көп кешікпей партия қатарынан шығарылып, құқық қорғау органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғайды. Н.Ілиясов естеліктерінің бірінде былай дейді: «Шындығы сол, қоғамның мал-мүлкіне, ақша-қаражатына суық қолдарын аянбай сұққан облыс және аудан басқарушы ірі лауазым иелері бірігіп, ұзақ уақыттан бері облыстың мал бордақылау тресі бойынша өрескел орын алып, ірге тепкен қылмысты, сол треске директор болып келісімен өзім ашып, материалдарын тиісті органдарға берсем де, оны маған аударып, 1962 жылы 19 октябрьде оңтүстік крайкомның бюросында партия билетімді алып, үй-мүлкімді қаттап, өзімді қылмыстық жауапқа тартты...».
Жас кезінен адал еңбек етіп, әділдік іздеп, шындықпен күрескен Нағи Ілиясов осылай қуғынға ұшырайды. Бірі білсе, бірі біле бермейтін шығар, кезінде «Қараөзек» совхозына Ілиясов ағамыз директор болып, кейін қалып қойған шаруашылықты республика көлемінде бірінші орынға шығарады. Совхозда малшыларға тұрғын үй, малдарына жаңадан қора салып берді. Орталыққа басқа шаруашылықта жоқ балалар бақшасы, қонақ үй, клуб, аурухана, асхана, монша, шаштараз, шеберхана және электр стансасы салынады. Тәжірибе мектебіне айналды. Басқа алдыңғы қатардағыларға қарағанда, Н.Ілиясов басқарған совхоздың көрсеткіші артық болмаса, кем болмайды. Осындай жетістікке жеткен кейбір совхоздың директорлары Социалистік Еңбек Ері атағын алып жатты. Әңгіме болып отырған жылдары Сырдария ауданына қарасты «1 Мамыр» совхозының директоры Орынбасар Бәйімбетов Еңбек Ері атағын алды.
Бәйімбетов ағамыз «Парыз» атты кітабында былай дейді: «Жыл қорытындысымен ауданымыздың мені Еңбек Қызыл Ту орденіне ұсынғанын естіп қуанып қалдым... Сөйтсек, ауданның ұсынысы облысқа барғанда Ленин ордені болып өзгеріп, оны бекіту жөніндегі ұсыныс Алматыдан Мәскеуге қарай кетеді... Мәскеудегі комиссия менің құжаттарымды Алматыға тағы қайтарыпты. СОКП Орталық Комитетінде отырғандар: «Ұсыныс қайта қаралсын. Көрсеткіштері көңілден шығып тұр. Қарсы болмасаңыздар, Еңбек Ері атағына ұсынайық» депті. Кеңес дәуірінде Еңбек Ері атағын алу үшін алдымен Ленин орденімен наградталуы керек. Бұл жолы белгіленген тәртіп бұзылды. «Орден, медаль жөнінде бірауыз өтініш салған жоқпын», – дейді Бәйімбетов. Әрине, Еңбек Ері бақыт құсы тәрізді. Әркімнің басына қона бермейді. Бұрынғы Сырдария аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қонысбек Қазантаев ағамыз саяси ойындардың себебінен Еңбек Ері атағын ала алмаған. Қазантаевпен бірге жұмыс істеген, соғыс және еңбек ардагері Көбейсін Исаев «Қажырлы еңбектің иесі болатын» атты мақаласында былай дейді: «Қ.Қазантаев Отанының көптеген жоғары наградаларына, оның ішінде үш Ленин орденіне ие болды. Осыған байланысты социализм заманындағы әділеттік бұрмаланатынын айтып кетейін, өйткені мен тәрбие саласының адамымын ғой. Бір жұмыс саласында жоғары көрсеткішке жетіп, Ленин орденімен наградталса, сол салада сол жетістікті екінші рет қайталаса, тағы Ленин орденімен Социалистік Еңбек Ерінің алтын жұлдызы қосып тапсырылуы керек». Алайда Қазантаев екі емес, үш рет Ленин орденімен марапатталып, бірақ Еңбек Ері атағын алмаған. «Мұны досқа аз құрмет деп отырғаным жоқ. Бірақ жарты ғасырдан артық өмірін Отанына қиып адал қызмет жасаған, үздіксіз шаң жұтып еңбек еткен, елді асыраған асыл азамат тиісті бағасын алмағанына ренжиміз», – дейді Исаев.
Сыбайлас жемқорлық қай заманда да кездескен ғой. Жетпісінші жылдары «Коммунизм» совхозының директоры Мөрәлі Шәменов Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылған көрінеді. Ізінше обкомнан екі кісі келіп: «Мәке, сізді Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынып жатырмыз, бірақ оған 8 мың сом ақша керек» деп пара сұраған екен. Шәменов ағамыз: «Мен атақты сатып алмаймын!» деп әлгілерді үйінен шығарып салған. Сол жолы Социалистік Еңбек Ері атағын басқа совхоздың директоры алыпты. Еліне аянбай еңбек еткен Нағи Ілиясов ағамыз да жоғары атақтан үмітті болған секілді. Алайда атақ алмақ түгілі, қуғынға түскен. Құжаттарға қарағанда, Ілиясов өзінің тағдыр тәлкегіне түскенін Қазақстан КПОК-нің бірінші хатшысы И.Юсуповтен көреді. Кейін Мемлекет басшысы болған Д.Қонаевқа жазған хатында былай дейді: «12 октября 1962 года, вопреки требованиям нормы партийной жизни, Южно-Казахстанский крайком партии, по инициативе и настоянию секретаря тов. Юсупова И.Ю., снял меня с работы, исключил из рядов КПСС с привлечением к уголовной ответственности, был произведен обыск и описано все имущество. Этим письмом не собираюсь повлиять на судьбу тов. Юсупова И.Ю., по его методу ради карьеры. Я хочу рассказать, что в результате незаконных действий тов. Юсупова И.Ю., за последние два года пережил невыносимо тяжелые моральные, политические и физические трудности...». Осы хаттың соңында мынадай жолдар бар: «Я лично знаком с тов. Юсуповым с 1948 года, и знал его преступно - аморальный поступок...».
Бұл сөздердің астарын Ілиясовтың ұлы Ринат былай деп түсіндіреді: «2004 жылы Қызылорда қаласында өткен ағайындардың іс-шарасына қатыстым. Сол жиында жаныма жасы ұлғайған бейтаныс әйел келіп: «Сен Нағидың баласысың ба?» деп сұрады. Мен: «Иә» деп жауап қайтардым. «Білесің бе, әкеңді Юсупов неге қудалады? Мен үшін қудалады!» – деді. Ағайындардың сөзіне қарағанда, қырқыншы жылдардың соңына қарай облыста қатты су тасқыны болған. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы министрі И.Юсупов келген. Кешкілік Юсупов пен оның серіктестерін жергілікті тұрғындардың бірі қонаққа шақырады. Сол үйдің он бес жасар қызы бар екен, соған министрдің көңілі кетеді. Қыз қашып, әжесінің жамылып отырған күпісіне кіріп, жасырынады. Осы оқиғаға куә болған әкем: «Сен неге иттік жасайсың?» – деп, Юсуповке кейіп тастаған көрінеді. Әкем – тура айтатын адам. Лауазымына қарамайды, шындықты бетке айтады. Юсупов кекшіл адам екен. Осы үшін қанша жыл тақта отырды, сонша уақыт әкемді қудалады. Осыған байланысты бұрынғы облыс басшысы, көпті көрген мемлекет қайраткері И.Әбдікәрімов «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы» Нағи Ілиясов есімімен аталған кезде сөз алып, көпшіліктің алдында: «Нағидың өмірі от болып өтті ғой!» деді.
Сонымен, жоғары лауазым иелерінің тапсырысы бойынша жүргізілген алдын ала тергеу кезінде Ілиясов ағамызға екі айып тағылады. Біріншісі, «салақтық, яғни ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін лайықты орындамаған» дейді. Соның салдарынан «Заготскотооткорм» тресінде ұрлық пен ысырап ету жаппай орын алып, мемлекетке 1 млн 72 мың 800 сомға зиян келген екен. Екіншісі, 1960-1962 жылдар аралығында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, Жетікөл откорм совхозынан 4 сиыр мен 1 жылқы және Жаңақорған откорм пунктінен бір түйені мемлекет бағасымен трест қызметкерлеріне сатып, шаруашылыққа 705 сом 79 тиынға зиян келтірген көрінеді.
Қызылорда облысының сот алқасы 1966 жылы 14 мамырда М.Еникеев («Заготскотооткорм» тресінің 1958-1960 жылдары болған басшысы. Ә.Б.) пен Н.Ілиясовтың қылмыстық ісін қарап, әдеттен тыс үкім шығарады. Үкімде былай делінген: «Как усматривается из приложенных к делу документов (том №2,3,5,6) Ильясов предпринимал все меры зависящиеся от него по своевременному выявлению злоупотреблений и безхозяйственности. Материалы (более 50 докладных) без задержки передавались им в партийные и следственные органы. Он также ставил вопрос о привлечении виновных лиц к ответственности и возмещению материального ущерба. Кроме того, своевременно поднимал вопросы о подборе и расстановке кадров, но ответственные органы оставляли их без внимания. Как установлено в судебном заседании, некоторые расхитители социалистической собственности, несмотря на неоднократные требования со стороны администрации треста, длительное время оставались на прежних должностях и, при поддержке местных руководителей районной организации, совершали более тяжкие преступления».
Сот Ілиясовтың іс-әрекетінде «салақтық» сипатындағы қылмыстың құрамы болмағанын анықтап, айып тағудан бас тартады. Екінші «қылмысына» байланысты сот қабылдаған үкімде былай делінген: «Хотя Ильясовым не был причинен существенный ущерб хозяйству, он своими действиями дал повод отдельным материально ответственным лицам к растранжированию государственных средств.., то есть Ильясова признать виновным по статье 143 Ук КазССР (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Ә.Б.), но на основании статьи 288 УПК КазССР не назначить меру наказания (!)». Расын айтқанда, құқық қорғау және арнайы қызмет органдарында қырық жылдай жұмыс істеп, мынадай сот үкімін кездестірген жоқ едім. Сот әділ болуға тырысқан, бірақ партия ықпалынан шыға алмаған секілді. Батыр ағамыз әділдік іздеп Мәскеуге екі-үш рет барады. Әуелі КОКП ОК-тің қабылдау бөлімінде Хрущевтің атына арыз жазып береді. Бірақ ол аяқсыз қалды. Екінші рет барғанда КСРО Қорғаныс Министрі, Кеңес Одағының Маршалы Малиновскийдің көмекшілерінің бірі қабылдап, әділеттікті қалпына келтіруге уәде береді. Сөйтіп, КОКП Орталық Комитетіне шығып, Қазақстан бойынша инспекторы Арзуманян Ілиясовтың ісін бақылауға алады. Мұнымен шектелмей, Н.Ілиясов КСРО Бас прокуроры Р.А.Руденкоға арыз жазып: «Я глубоко убежден, что моя судьба в Казахстане обречена на незаконный исход дела. В силу изложенных в данном заявлении всех фактов, убедительно прошу мою судьбу решить в Генеральной прокуратуре СССР» дейді.
Айта кету керек, әділдікті Мәскеуден іздеген жалғыз Н.Ілиясов ағамыз емес. Кезінде жазушы Мұхтар Әуезов «ұлтшыл» атанып, қудаланғанда баспана іздеп Мәскеуге барған. Желтоқсан оқиғасы кезде ақын Олжас Сүлейменов қорғалатын жер таба алмай, ақыры Мәскеудегі орыс жазушылары арқылы М.С.Горбачевқа шығып, аман қалады. Бұл, әрине, ойланатын жағдай. Мәскеу араласқаннан кейін барып Жалағаш, Қармақшы, Сырдария, Тереңөзек және Жаңақорған аудандарындағы «Заготскотооткорм» трест бөлімшелерінің басшылары жұмыстарынан босатылып, бірқатары қылмыстық жауапқа тартылады. «КСРО және Республика прокуратурасы, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті және Ішкі Істер министрлігінен бір топ жауапты адамдар келіп, облыстық ішкі істер басқармасы облыстық прокуратура және трест бойынша жабылып қалған қылмыстық істерді қайта көтерді. Нәтижесінде басқарма бастығы, орынбасарлары, прокуратура тергеушісі жұмыстан босатылды. Көп ұзамай нағыз қылмыскерлер мен олардың қорғаушылары (небәрі 40 адамдай) түгелдей жазаланды» – дейді естелігінде Н.Ілиясов.
Осыдан кейін Қазақ ССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ілиясов ағамыздың қылмыстық ісін қайта қарап, оның іс-әрекетінде қылмыстың құрамы болмағанын анықтайды. Сөйтіп, «Приговор Кызылординского областного суда от 14 мая 1964 года – отменить и делопроизводством прекратить за отсутствием состава преступления» деп шешім қабылдап, бұл іске үзілді-кесілді нүкте қояды.
Н.Ілиясов 1987 жылы қайтыс болды. Соңынан «Жауынгер жолы», «Совхоз – фабрика риса» атты кітаптары, көптеген жазбалары қалды. Солардың бірі «Өмір жолының документтері жайлы анықтама» деп аталады. Бұл жазбаларында ағамыз «тағдыр маған үш бақыт, үш өмір» сыйлады дейді. «Отызыншы – ашаршылық жылдары балалар үйіне орналасып, аман қалдым. Ташкенттегі педагогикалық училищені бітіріп, салауатты ұстаз болып елге оралдым. Бұл – маған тағдыр сыйлаған бірінші бақытым әрі бірінші өмірім. Ұлы Отан соғысы кезінде үш рет жаралансам да, ең жоғарғы әрі құрметті Кеңес Одағының батыры атағын алып, аман-есен елге оралдым. Бұл – екінші бақытым, екінші өмірім. Жалған айыптар тағылып ұзақ уақыт қудаландым, партия қатарынан шығарылдым, қылмыстық жауапкершілікке тартылдым. Бірақ әділеттік түбегейлі менің жағымда болғандықтан, қылмыс жасаушылар да, оларды қызғыштай қорғаушы мықтылар да тиісті жазаларын алды. Соғыс кезінде алған партия билетімді, дақ түсірмей, бұрынғы таза күйінде қайтып алдым. Бұл – менің үшінші бақытым және өмірім». Міне батыр ағамыз өткен өмірін осылай бағалайды.
Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың өмірі мен еңбек жолы, соғыс жылдарындағы ерлік істері кейінгі ұрпаққа өнеге болатыны сөзсіз. Биылғы жылы – Н.Ілиясовтың 100 жылдығы. Бұл датаны Сыр жұртшылығы жоғары деңгейде атап өтеді деген сенімдеміз.
Әмірхан БӘКІРҰЛЫ,
ҰҚК-нің құрметті ардагері,
отставкадағы полковник