Кеңес Одағының Батыры атындағы көше
Ауданның 90 жылдық тарихында Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген екі майдангер болса, оның бірі – Нағи Ілиясов. Ауданда даңқты тұлғаның атымен аталатын ауылдық округ және кент орталығында көше бар. Газетіміздің «Кент көшелері» айдары аясында бүгін Нағи Ілиясов көшесі жөнінде жазуды жөн көрдік.
Тереңөзек кентіндегі Нағи Ілиясов көшесі Әйтек каналының оң жақ қапталында орналасқан. Көшенің басында Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі орналасқан. Айта кету керек, аталған мекемеде 161 маман қызмет атқаруда.
Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 1990 жылдан бастап көше Нағи Ілиясов деп қайта аталған. Бұған дейін халық арасында бұл маң Стадион көшесі деп аталғанын біреу білсе, біреу білмес. Осы ретте көшенің Дінмұхамед Қонаев және Майжарма арнасы арқылы Иса Тоқтыбаев көшесімен қиылысатынын атап өткеніміз жөн.
Ағымдағы жылы Н.Ілиясов және Қ.Бөдеев көшелерінде жол құрылысы жұмыстары жүргізілді. Н.Ілиясов көшесінен тікелей орталық ауруханаға барып түйісетін автокөлік жолы пайдалануға берілді. Сонымен қатар көше тұрғындарының ұсынысы негізінде Майжарма арнасына көпір салынды.
Енді даңқты батырдың қиындыққа толы өмірбаяны және Ұлы Жеңісті жақындату жолындағы ерен ерлігі жөнінде айтсақ. Ұлы Отан соғысы кезінде барлаушылар бөлімшесінің командирі болған майдангер 1920 жылы дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленген ол соғысқа аттанбас бұрын Ташкенттегі университетте білім алған. 1942 жылы әскерге алынып, Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуде ерлік көрсеткен. Нағи Ілиясовқа 1945 жылы 24 наурызда КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Соғыстан кейінгі жылдары Н.Ілиясов Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында және Сыр өңірінде жауапты қызметтер атқарған. Тереңөзек ауданындағы Қараөзек кеңшарының директоры, облыстық мал дайындау бірлестігінің бас директоры, Жалағаш ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы мекемесі бастығының орынбасары болып еңбек еткен. Мұнан бөлек туған ауылында ашылған 1-күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалған. Аудандағы Комсомол кеңшарының директоры және облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып жұмыс жасаған.
Артына өшпес із қалдырған Нағи Ілиясов 1987 жылы дүние салды. Отан үшін от кешіп, туған еліне адал қызмет еткен батырдың есімі ешқашан ұмытылмайды.
Атап өту керек, Нағи Ілиясов көшесі тұрғындарының ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұлғалар бар. Оның ішінде ауданның білім беру саласында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еткен Анар Ізбасарова мен спорт саласының майталманы Сұлтан Қобландиннің есімін ерекше атауға болады. Аталған азаматтар даңқты батырдың есімі берілген көше тұрғындары екендігін мақтан етеді.

Г.ӘЛЖАНОВА