Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отан қорғау жолындағы азаматтық жауапкершілікті түсіндіру және әскери-патриоттық тәрбиені нығайту

Отан қорғау жолындағы азаматтық жауапкершілікті түсіндіру және әскери-патриоттық тәрбиені нығайту

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау, Отан қорғау жолындағы азаматтық жауапкершілікті түсіндіру және әскери-патриоттық тәрбиені нығайту.

Іс-шара барысында қатысушыларға мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі, әскери қызметтің артықшылықтары, әскери қызметшілерге ұсынылатын әлеуметтік жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Осындай тағылымды кездесулер жас буынның патриоттық санасын қалыптастырып, ел қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету жолындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
15 маусым 2026 ж. 59 0