ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық турнирде сырдариялық таэквондошылар топ жарып, биіктен көрінді. Аудан мерейін асқақтатқан спортшылар қатарында 26 келі салмақта Сәбит Шахризада, +34 келі салмақта Жансұлу Айдарбек бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынды Мұстафа Мырзағұл еншіледі. Жүлделі үшінші орынды Ибрахим Асылбек, Анзор Джаппаев еншіледі. Халықаралық турнирде бақ сынаған спортшылар тәжірибе жинап, өз біліктіліктерін шыңдай түсті. Республиканың түкпір-түкпірінен келген өздері секілді спортшылардың қарымын байқап, жеңіс тұғырынан көрінуге талпынды. Келешек осы спортшылардың ішінен Қазақстан чемпиондары шығатындары анық. Осы тектес турнир Жалағаш ауданында жалғасын тапты. Бұл жарыста да жоғарыда аталған спортшылар топ жарып, сырдариялықтардың мерейін асқақтатты.
Б.АЯБЕКҰЛЫ