Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада-2026: қазақстандық фристайлшы қыздар финалға жолдама алды

Олимпиада-2026: қазақстандық фристайлшы қыздар финалға жолдама алды

Фристайл-могулдан Қазақстан қыздар құрамасы Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. KAZINFORM

Ел құрамасы сапында Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова жарыс жолына шықты.

Қорытындысында Юлия 73.08 ұпай, Анастасия 71.52 ұпай, Аяулым 68.98 ұпай еншіледі.

Ережеге сәйкес, іріктеу кезеңінде ТОП-10 спортшы финалға жолдама алады. Осылайша, қазақстандық үш спортшы да түстен кейін жарыс жолына шығады.

Айта кетерлігі, фристайлшы қыздар кешегі бірінші іріктеуде финалға тікелей жолдама ала алмаған болатын.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Павел Колмаков ерлер арасында фристайл-могулдан қысқы Олимпиаданың финалына жолдама алды.

Фото: Тұрар Қазанғапов


11 ақпан 2026 ж. 43 0