Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Юлия Галышева Олимпиада финалында

Юлия Галышева Олимпиада финалында


Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы іріктеу жарысын бастаған қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен финалға шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отандық спортшы Юлия Галышева могулден іріктеу жарысын сәтті бастады. Жарыс қорытындысы бойынша 76,36 ұпай алған ол 7-орынға тұрақтады. Осылайша ол үздік 10 спортшы қатарынан көрініп, бірінші мүмкіндігінен-ақ финалға жолдама алды.
Юлиядан бөлек 16 жастағы Аяулым Әмренова осы спорт түрінен жарысты бастады. Алғашқы мүмкіндігінде 26-орын алған ол финалдық сынға шыға алмады. Дегенмен спортшы қызымыз 11 ақпанда өтетін іріктеу сынында тағы бір мүмкіндігін байқап көреді.
Назерке Абибулла
09 ақпан 2018 ж. 939 0