Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков Олимпиада финалына шықты

Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков Олимпиада финалына шықты


Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында фристайлдан іріктеу сыны басталды. Ерлер арасында фристайлдың могул түрінен қазақстандық спортшылар Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков алғашқы мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, финалдық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бірінші мүмкіндігінде 81,23 ұпай алған Дмитрий Рейхард іріктеу сынын үшінші болып аяқтап, финалға шықты. Тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков 79,98 ұпаймен жарысты 7-ші аяқтап, алғашқы мүмкіндігінен финалдық бәсекеге жолдама алды.
Айта кетсек, финалда үздік нәтиже көрсеткен алғашқы 10 спортшы сынға түседі.
Еске сала кетсек, бұған дейін фристайлдың могул түрінен жарыс жолына шыққан қазақстандық Юлия Галышева әйелдер арасындағы сынның финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, бүгін сағат 17:00-де 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Оған дейін бірқатар спорт түрінен іріктеу жарыстары басталып кетті.
Назерке Абибулла
09 ақпан 2018 ж. 1 228 0