Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Юлия Галышева Әлем кубогі кезеңінде "қола" алды

Юлия Галышева Әлем кубогі кезеңінде "қола" алды


 Юлия Галышева Жапонияның Тазавако қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогінде үшінші болып келді. Бұл туралы Olympic.kz сайты жазды.

Әлем чемпионы квалификация мен бірінші финалды еш қиындықсыз артқа қалдырды. Шешуші кезеңдерде ол олимпиада чемпионы франциялық Перрин Лаффонға жол беріп, екінші болып келді.
Жарыстың ақтық кезеңінде 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері 76,92 ұпай алып, қола жүлдеге ие болды. Екінші орынды австралиялық Энтони Джакара 79,87 ұпаймен еншіледі. Ал Лаффон 82,97 ұпаймен сайыста жеңімпаз болды.
Қазақстандық спортшылар Павел Колмаков, Аяулым Әмренова, Сергей Романов, Александр Геберт және Олег Цинн бұл жарыста квалификациядан өте алмады.


 https://baq.kz/
23 ақпан 2019 ж. 677 0