Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстандықтар алғашқы жарысты 3 ақпанда бастайды

Қазақстандықтар алғашқы жарысты 3 ақпанда бастайды

Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3-ші ақпан күні бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.
Олимпиада оындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды.
Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.
Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:
3 ақпан
Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу
Могул, ерлер. Бірінші іріктеу
5 ақпан
Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал
6 ақпан
Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.
Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.
Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады. Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

30 қаңтар 2022 ж. 556 0