Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр лигасы» футбол ойыны өтті

«Сыр лигасы» футбол ойыны өтті

№126 жалпы орта мектебінде 7-9 сыныптар арасында «Сыр лигасы»футбол ойыны өткізілді. Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру барысында дене пәнінің мұғалімі  Айбек Тәжібаев,  Айдос Төлегенов,  Ердос Қуанышов ойынның басы-қасында жүріп, оқушыларға жауапкершілікпен  қарады.

Мектепішілік спорт апталығы аясында ұйымдастырылған «Сыр лигасы» футбол ойынына 7–9 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Әр команда өз ұранымен және эмблемасымен таныстырылып, әділқазылар алқасы ойын барысын әділ бағалады.  Ойын қызу әрі тартысты өтіп,  қатысушылар әділ ойнау мен өзара сыйластық танытты. «Сыр лигасы» футбол ойындары жоғары деңгейде өтіп, іс-шара барысында  оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бірлігін нығайтты.  Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.Ойын қызықты, әрі тартысты өтті.


.  
28 қазан 2025 ж. 211 0