Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан премьер-лигасы: «Ордабасы» озып тұр

Қазақстан премьер-лигасы: «Ордабасы» озып тұр

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасы аясында сырт алаңда петропавлдық «Қызылжарды» жеңіп, турнир кестесінде көш бастады. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

Екі команда ҚПЛ-дың 22-туры аясында «Жастар» стадионында кездесті. Матч 1:0 есебімен «Ордабасының» пайдасына шешілді.

Жалғыз голды 82-минутта Артем Беседин салды. Осы жеңістің арқасында шымкенттік команда 39 ұпаймен Қазақстан Премьер лигасының кестесінде бірінші орынға шықты.

Фото: ашық дереккөз

04 қазан 2024 ж. 49 0