Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария – чемпион

Сырдария – чемпион

Тереңөзек кентінде Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан 2012-2013 жылғы туған жасөспірімдер арасында ХXVI халықаралық турнир өтті.

Турнирді облыс әкімінің орын­басары Мейрамбек Шермағанбет сал­танатты түрде ашып, об­лыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде: «Бұқа­ралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақ­сартамыз» деген болатын. Мем­лекет басшысының, Үкіметтің қол­дауы­мен және кәсіпкерлердің де­меу­­­шілігімен соңғы жылдары ай­мағымызда заманауи спорт нысан­дары көптеп бой көтеруде, – деген облыс әкімінің орынбасары турнир қатысушыларына ізгі тілегін білдірді. Одан әрі Елеу Көшербаевтың игі істері туралы айтты.

Е.Көшербаев Тереңөзек, Сыр­дария аудандық атқару коми­тет­терінің төрағасы, Қар­мақшы­, Қазалы аудандық партия комитеттерінің бірін­ші хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған. Зейнетке шыққан соң да облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде игі істер атқарған. Елеу Көшербаев саналы ғұмырын аймақтың әлеуметтік экономикалық және рухани дамуына арнаған тұлға. Атап айтсақ, түркі әлеміне ортақ тұлға Қорқыт ата мемориалдық кешені­нің тұрғызылуына тікелей ықпал етті. Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің кесе­несін, Қазалы ауданындағы Жеңіс саябағын салуға атсалысты. Қай кезеңде, қай салада болсын ел мүддесін ойлап, халықтың әл-ауқатын жақсартуға табандылықпен еңбек етті. Елеу Көшербаев бас­шылық еткен аудан халқы оның жақсы істерін, азаматтығын айтып отырады.
Сонымен қатар Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенаторы қызметін атқарған, қазіргі таңда тех­ника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ин­же­­­нер­лік академиясының ака­де­­мигі, Оңтүстік аймақ бойынша вице Президенті Әлімжан Куртаев, Қазақстан Республикасының Қарулы күш­терінің орталық кеңесінің мүшесі, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, «Қарулы күштеріне» еңбегі сіңгені үшін III дәрежелі орденінің иегері генерал-майор Әлімжан Ерниязов, аудандық ардагерлер кеңесінің төра­ғасы, Сырдария ауданының құр­метті аза­маты Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәтті­лік тіледі.

Жиырма алтыншы мəрте ұйым­дас­тырылған турнирге Өз­бекстан мем­­лекетінен жəне еліміздің əр өңірі­нен 20 команда, 400-ге жуық спортшы қатысты.

Айта кету керек, халықаралық жарыстың жеңімпаздары мен үздік ойыншылары анықталып, марапат­тау рәсімі өтті. Бұл ретте, турнир қоры­тындысында жүлделі І орынды Сырдария құрамасы, ІІ орынды Маң­ғыстау құрамасы, ІІІ орынды Түркістан құрамасы еншіледі.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Сондықтан ел ертеңі саналатын жас­тардың денсаулығы мықты, рухы биік болуы тиіс.

«Тт» ақпарат


27 қыркүйек 2025 ж. 226 0