Мемлекет және қоғам қайраткері Е.Көшербаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир басталды
Мемлекет жəне Қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан 2012-2013 жылғы туған жасөспірімдер арасында ХXVI Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.Облыс әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы турнирді салтанатты түрде ашып, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаторы қызметін атқарған, қазіргі таңда техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының инженерлік академиясының академигі, Оңтүстік аймақ бойынша вице Президенті Куртаев Әлімжан Сейтжанұлы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің орталық кеңесінің мүшесі, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, «Қарулы күштеріне» еңбегі сіңгені үшін III дәрежелі орденінің иегері генерал майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сырдария ауданының құрметті азаматы Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сəттілік тіледі.
Жиырма алтыншы мəрте ұйымдастырылған турнирге Өзбекстан мемлекетінен жəне еліміздің əр өңірінен 20 команда, 400-ге жуық спортшы қатысуда.
Айта кету керек, Халықаралық жарыстың жеңімпаздары мен үздік ойыншылары 26 қыркүйек күні белгілі болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі











