Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда волейболдан халықаралық турнир басталды

Сырдарияда волейболдан халықаралық турнир басталды

Бүгін Сырдария ауданында аудандық дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан XХIІ Халықаралық турнирі басталды.

Бұл додада еліміздің әр өңірінен 20 ға жуық команда және 250 ден астам спортшы бақ сынағалы отыр.

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Нәлхожаұлы мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан XХІІ Халықаралық турнирді ашып беріп, қоғам қайраткері Елеу Көшербаев облыстың бірнеше аудандарын басқарып, жалпы облыстың экономикалық дамуына,халықтың әл-ауқатына мән беріп,өңіріміздің өркендеуіне өзінің қажымас қызметі арқылы сүбелі үлесін қосқанын, еңбектеріне баға беріліп, бірнеше ордендердің иегері атанғанын,осындай өмірі-үлгі өнеге, ғұмыры мағына мен мазмұнға толы,артына жақсы есімін, жарқын істерін қалдырған, Сыр елі Тұлғасының игіліктерін есте сақтау барысында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырып отырған ұрпақтарын, турнир қонақтарын құттықтады.

Аудан әкімінің құттықтауынан соң турнирдің құрметті қонағы, Елеу Көшербаевтың ұлы Айтпай Көшербаев қонақтар мен волейболшыларға өз ізгі тілегін жеткізіп сәттілік тіледі.

«Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» «Соғыс және Еңбек ардагері», «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Яхия Тасыров Яхия ақ батасын берді.

Спортшылар алаңға шығып, Елеу Көшербаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирге қатысушы командаларының ойыны басталды. Байрақты бәсеке Тереңөзек кентіндегі №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр.

Халықаралық турнир 24 қыркүйекке дейін жалғасады.
21 қыркүйек 2021 ж. 425 0