Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ардагерлер арасындағы турнир

Ардагерлер арасындағы турнир

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді халық даналығы. Сол айтқандай ардагерлеріміз – асыл қазынамыз. Ауданда ардагерлермен жұмыс жақсы жолға қойылған. Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қарттар арасында түрлі мазмұнды іс-шаралар өткізіліп келеді. Кент пен ауылдық округтерде 80, 85, 90 жасқа толған ардагерлерді марапаттау ұйымдастырылады. Үйде жатып қалған қариялар да назардан тыс қалған емес. Олардың халін біліп, сый-сияпат пен құрмет көрсетіледі. Жақында аудан әкімдігінің демеушілігімен 35 ардагер «Сарыағаш шипажайында» демалды.

Ардагерлердің бос уақытын маз­мұнды ұйымдастыру – бүгінгі күн­нің басты мәселесі. Спорт – үлкен мен кішінің жан серігі болса, адамның ауырмауының бір жолына айналады. Бос уақыттарында «Достық» үйіне келіп бильярд, шахмат ойнап, өздерінің саламатты өмір салтын көрсетіп жүрген ардагерлер де баршылық.

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұсынысына сәйкес ҚР Спорт күніне орай «ИМАН – 2013» қоғамдық қорының демеушілігімен, аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Руханият орта­лығы» және «Достық» үйінде кент ардагерлері арасында дойбы, шахмат, бильярдтан турнир болып өтті.

Турнирдің ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл жарысқа 30-ға тарта ардагер спортшы қатысты. «Достық» үйінде бильярдтан өткен жарыс бір аптаға созылды. Іріктеу сайысына қатысқан спортшылар бәсекесінде ақтық сайысқа жолдама алғандар белгілі болды. Олар Байырбек Әмірбеков, Құдайберген Үсенбаев, Ғабит Тұңғышбаев, Марат Сейілов. Ақтық сайыста Ғабит Тұңғышбаевтың мерейі үстем болды. Сөйтіп ол бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Марат Сейілов, үшінші орынды Құдайберген Үсенбаев иеленді.

Шахмат сайысы да бәсекеге толы болды. Бірден жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ. Шаршы тақтадағы сайыста Мектепхан Елеусінов барлық спортшылардан басым түсіп, жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Әлібек Қасымханов, үшінші орынды Кенбай Қарашаев иемденді. Дойбы жарысы да тартысты өтті. Мұнда жүлделі бірінші орынды Тойым Айкупешов жеңіп алды. Екінші орынды Сұлтан Бекпенбет иеленсе, Сталбек Тобағұлов үшінші тұғырдан көрінді.

Сайыс қорытындысында аудан­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев жеңімпаздар мен жарысқа қатысушыларды құттықтап, жүлделерді тапсырды. Мұндай тартысты жарыс алда да жалғасын табатынын айтты.

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ

16 тамыз 2025 ж. 45 0