Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер арасындағы турнир

Ардагерлер арасындағы турнир

«Қарттарын қадірлеген ел озады» дейді халық даналығы. Сол айтқандай, Қарттар күні құрметіне кент орталығындағы «Достық» үйінде аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастырумен ардагерлер арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Муса Келдібаев ардагерлердің қоғамдық жұмысқа да, спортқа да әрдайым белсенді екеніндігін айтып, мерекеге орай бөлім тарапынан ұйымдастырылып жатқан іс-шараға ризашылығын білдірді. Ауданның абыз қарты Рақымжан Бәйменов жарыстың ашылуында ақжарылқап бата берді.

Аудан және кент ардагерлерінің ерекше ынтамен ойнайтын спорт түрі – ол бильярд. Бұл жарысқа 16 ардагер спортшы қатысты. Бүгінде тоқсанның төріне шыққан Рақымжан Бәйменов, сексеннің сеңгіріндегі Төлеу Сүлейменов, Марат Сақтапов, оларды жас жағынан өкшелеп жүрген інілері Әнуар Қарсақбаев, Мырзалы Орынбаев, Амантай Есмағанбетов және тағы басқалар тартыстыойын өрнегін көрсетті. Ақсүйектердің ойыны аталатын бұл спорт түрі бойынша Төлеу Сүлейменов чемпион атанса, екінші орынды жасы тоқсаннан асса да ширақ ойнаған Рақымжан Бәйменов иеленді. Үшінші тұғырға Әнуар Қарсақбаев көтерілді.

Ардагерлер арасында тоғыз­құма­лақ пен шахматтан өткен осы турнирде белгілі спортшы Мектепхан Елеусінов чемпиондық атақ­ты жеңіп алды. Екінші орындарды Рахымберді Райымов иелен­ді. Шахматтан үшінші орынды Р.Бәйменов қанжығасына байласа, то­ғызқұмалақтан үшінші орынды Бақытжан Әбілпаттаев ен­шіледі.

Спорттың дойбы түрінен де жарыс тартысты өтті. Мұнда Сұлтан Бекпенбет жеңімпаз атанса, екінші орынды Несібелі Керейтбаева, үшінші орынды Төлеу Сүлейменов иемденді.

Жарысқа аудандық спорт және дене шынық­тыру бөлімінің әдіскері Бауыржан Бәкіров бастаған төрешілер қазылық етті.
Турнир қорытындысында жеңімпаздар мен оған қатысушылар аудандық спорт және дене шынық­тыру бөлімі белгілеген бағалы сыйлықпен марапатталды.

Шаһарбек Нұрсейітов
05 қазан 2021 ж. 416 0