Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаттығу залы тұрғындарға қолжетімді

Жаттығу залы тұрғындарға қолжетімді

«Тәні сау­дың – жаны сау» деген халқы­мыз спорттың ден­сау­лық­қа пайдасын түсінген. Дене қозғалы­сы – сау жан мен тәннің кепілі. Осы ретте аудан орта­лы­ғын­дағы спорт клубы ғи­­­­ма­­ра­тының жат­­­тығу залы кеш­­­­кі уақытта жалпы аудан тұрғын­дары­­на тегін қызмет көрсе­теді.

Атап айтар болсақ, өткен жылы толық жөн­деуден өткен спорт клубы ғимараты дене жат­тығуы үшін қажетті құрал-жаб­дықтармен толықтай қам­тамасыз етілген. Сырдария аудан­дық спорт клубы мекемесі 2011 жылы ашылып, осы уақытқа дейін аудан тұрғындарының саламатты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосып келеді. Жастар мен жасөспірімдер бос уақытын тиімді өткізіп, жаттықтырушылармен бірге спорт­пен тұрақты түрде шұғылданып жүр. Соның ішінде аталған спорт мекемесінің спортшылары түрлі сайыстардың жүлдегері екенін атап өту орынды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Спорт клубы ғимаратының жаттығу залы күнделікті кешкі уақытта аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Кешкі сағат 19.00 мен 21.00 аралығында тұрғындар жаттығу залына барып, жұмыстан кейінгі уақытты тиімді пайдалана алады. Келушілер жасына шектеу қойылмайды. Сондай-ақ күн сайын клуб жаттықтырушылары тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, нұсқаулық жасайды. Қазіргі таңда жаттығу залында спорттық құрал-жабдықтардың түр-түрі бар.

– Жаттығу залын кешкі уақытта қызметке қосу бұқаралық спортты дамыту мақсатын көздейді. Күндіз өзіміздің оқушылар жат­тығады, кешкі уа­қытта жаттығу залы барлық тұрғын үшін қолжетімді. Ер кісілер мен әйел адамдарға бөлек кесте де қарастырылған. Нәтиже жаман емес. Жалпы аудан тұрғындарының спортқа деген көзқарасы жақсы қа­лып­тасып келеді. Жас­тар мен жасөспірімдер ғана емес, егде жастағы кісілердің де спортты жанына тұрақты серік етуі – көпшілікке үлгі. Жақында ғана күр­делі жөндеуден өткен аудандық спорт клубы меке­месінде бүгінгі таңда 792 спортшы спорттың 9 түрінен жаттығуда. Мұнда бокс, волейбол, футбол, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, қол күрес, гір спорты, жекпе-жек, тоғызқұмалақ секілді спорт түр­лерінен үйір­­мелер тұрақты жұмыс жа­сайды. Спорт­шылардың жет­кен жетіс­тіктері де жоғары. Талапты жас­­та­ры­мыздың алар асуы әлі алда екені даусыз. Клубы­мызда қазіргі таңда 11 жаттықтырушы, 3 нұс­қаушы, 7 әкімшілік және кіші буын қызметкерлері жұмыс істейді, – дейді спорт клубының директоры Д.Әлжанов.

– Мен спорт клу­бының жаттығу залына тұрақты түрде барып тұрамын. Мектеп кезінде қол күреске қаты­сып, бірақ кейін спорттан біраз уақыт қол үзіп қалған едім. Жыл басынан бері аталған фитнес залына барып, жаттығуды қолға алдым. Спорт денсаулық кепілі деген ұран­ды әрдайым алға қой­ған­­дықтан, тұ­рақты түрде спорт клуб­та жұмыс уақытынан кейін жат­тығып жүрмін. Ең тиімдісі, жұмыстан кейінгі уақытта келіп, денсаулығыңа көңіл бөлуге мүм­кін­дік қарастырылған. Саламатты өмір салтын қалыптастыру маңыз­ды. Әсіресе, жастар мен жас­өспі­рімдер арасында дене қимылын көбейту, спортқа баулуды тоқтатпау қажет, – дейді жаттығушы М.Сейілханов.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
17 тамыз 2024 ж. 209 0