Аудан спорты даму жолында
Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданда оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 14973 спортшы, яғни халықтың 39 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда.
Жастарымыз спортпен шұғылдануы үшін ең бірінші кезекте спорт нысандары да, халыққа қолжетімді деңгейде болуға тиісті. Мәселен, қазіргі таңда ауданымызда 2-стадион (Тереңөзек кенті және Н.Ілясов ауылы), 5-спорт кешен (2-Тереңөзек кенті, 1-Ақжарма, 1-Н.Илиясов, 1-Шаған ауылы), 28-спорт зал, 21- жапсарлас спорт зал, 74 жазықтық құрылғылар жұмыс жасауда. Барлық дене шынықтыру және спорт нысандары саны – 130-ды құрайды. Аталған спорт нысандар тегін негізде қызмет көрсетеді.
Аудан бойынша дене шынықтыру мұғалімі және оқытушы-жаттықтырушылар саны – 263, оның 248 – жоғарғы білімді, 15 – арнаулы орта білім мамандары. Жалпы білім беретін мектептерде – 136 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бар, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылар саны – 77.
Дене шынықтыру және спорт секцияларына жалпы барлығы – 525 дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық үйірмелер жатады. Оларға ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, қол добы, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, көгалдағы хоккей, таеквондо, үстел теннисі, футбол, белбеу күресі, гір спорты, дойбы, қол күрес, кіші футбол, шахмат, асық ату, бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, грэпплинг, панкратион, каратэ-до, самбо, көпсайыс сияқты спорт түрлерімен шұғылданады.
2023 жылдың 12 айы бойынша 147 спорттық жарыстар өткізіліп, 16189 адам қатысты. Халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, жаттығу және стритбол алаңының құрылысы салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Бесарық ауылында спорт кешені ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде және жыл аяғына дейін халықтың пайдалануына беріледі деп жоспарлануда.
Аудан бойынша №11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі және №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасап, 54 жаттықтырушы 1771 жастар мен жасөспірімдерді қамтып отыр.
2023 жылы аудандық мәдениет және спорт бөліміне қарасты спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына 88 млн 729 мың тг қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.12 жаттықтырушы оқытушылар 792 спортшыны қамтып келеді.

Аудан орталығында "Мансұр", «Сырдария спорттық-зияткерлік орталығы», «Аслан» және «Ясин» спорт клубтары мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыс жасайды.
Оларда 5-16 жас аралығындағы 769 - жеткіншектер мен жасөспірімдер спорттың дзюдо, таеквондо, каратэ, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі және шахмат үйірмелерімен қамтылған.