Аудан әкімінің құттықтауы
Қадірлі спорт саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – денсаулық пен күш-жігер, шыдамдылық пен сергектік мерекесі. Дана халқымызда «Тәні саудың – жаны сау», «Спорт – денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі күні қоғамда саламатты өмір салты мен бұқаралық спортты дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халықтың саламатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға деген сұранысын қанағаттандыру үшін, әрине, спорт ғимараттарын салу қажет» деді. Осыған байланысты ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт ғимараттары жаңаруда. Сонымен қатар, облыстық, республикалық, халықаралық дең¬гейдегі спорт жарыстары ауданымызда көптеп ұйымдастырылуда. Мұның бәрі спорт саласына бағытталған қолдаулардың және спортшыларға жасалған жағдайдың айқын көрінісі.
Облыс әкімі Н.М.Нәлібаевтың қолдауымен биыл аудан орталығындағы «Сырдария» спорт клубы күрделі жөндеуден өткізілуде. Берекелі Бесарық ауылында да жаңадан спорттық нысан салынуда. Сондай-ақ, дене шынықтыру мен спорт үйірмелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл – спорт саласының дамуына, жастарымыздың уақытты тиімді пайдалануына ықпал ететіні сөзсіз.
Құрметті спортшылар мен сала мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасы-ларыңызға амандық және жаңа спорт белестерін бағындыруға тілектестік білдіремін! Сырдариялық спортшылар чемпион атанып, аудан абыройын асқақтата берсін!
Құрметпен,
Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі