Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімі спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Құрметті аудан спортшылары!
Қадірлі спорт саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел-халықтың ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі.

Саламатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында ауданда нақты жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 30,01 пайызы, яғни 11 528 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданып келеді. Бұл ретте, ауданда бұқаралық спортты дамытуға бар жағдай жасалуда. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша «№11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне» ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жуырда Тереңөзек кентінде шағын футбол алаңы салынады.

Ауданда 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 36 спорт шебері, 102 спорт шеберіне үміткер бар. Аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, Әлем чемпионатынан 1 медаль, Азия чемпионатынан 8 медаль және ҚР чемпионатынан 63 медаль иеленді.

Сырдариялық спортшылардың шеберлігі мен кәсіби деңгейі аудан мерейінің үстем болуына айрықша ықпал етуде. Келешекте де спортшылар аудан намысын биікке көтереді деген сенімдемін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Спортта биік белестерді бағындыруларыңызға тілектестік білдіремін!

Құрметпен,
Руслан Рүстемов,
Сырдария ауданының әкімі

16 тамыз 2020 ж. 1 296 0