Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жеңісті жолды жалғады

Жеңісті жолды жалғады

Халқымыздың қаһарман эпос­тарында зор шабытпен жырланатын жекпе-жек спорты қазір зор танымалдылыққа ие. Спорттың осы түрімен шұғылданушылардың саны ауданымызда да артып келеді.

Білекті де жүректі жаттықтырушы Данияр Жүсіпбаев соңғы жылдары аудан жастарын ережесіз жекпе-жекке бау­лып келеді. Жетістіктері де жоқ емес. Біз жаттық­ты­ру­шының жетістігі мен оның шәкірттері бағындырған белес туралы газетіміздің биылғы жылғы №6 санында арнайы бет әзірлеп, ақпараттық қолдау көр­сеткен болатынбыз. Бұл жолы да спортшы жігіттердің же­тіс­тігін жерлестерімізге сүйіншілеп жеткізуді жөн көрдік.

Өткен аптада сырдариялық спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатынан жүлделі оралды. Алматы қаласында өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша Нұркелді Нұрғазы 53 келі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынды жеңіп алды. Ол 12-13 жас аралығындағы балалар арасында сынға түсіп, білек күшінің қарсыластарынан басым екенін дәлелдеді. Ал 16-17 жас аралығында жасөспірімдер арасында 66 келі салмақ дәрежесінде Мадияр Болатов ІІ орын иеленді. Сондай-ақ 14-15 жас аралығында жасөсірімдер арасында өткен бәсекеде 77 келі салмақ дәрежесінде Мадияр Нұрғазы ІІІ орын тұғырынан көрінді.

– Бұл біздің алғашқы да, соңғы да жетістігіміз емес. Спорттағы мақсатымыз айқын, жеңіске деген ынтамыз бен құлшынысымыз да жоғары. Әрине, ел чемпионатында жүлде алу оңай емес. Шәкірттерімнің сенімді ақтап, намыс­ты қолдан бермегеніне қуаныштымын. Алдағы уақытта да жерлестерімізді жақсы жетістіктермен қуан­татын боламыз. Аудан жастарын спортпен шұғылдануға шақырамын, – дейді спортшы балалардың жаттық­тыру­шы­сы Данияр Жүсіпбаев.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
14 мамыр 2024 ж. 437 0