Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Әлихан бағындырған белес

Әлихан бағындырған белес

Аудан спортшыларының жетістіктері ұдайы басылым назарында екені белгілі. Осы күнге дейін түрлі спорт додаларында топ жарып жүрген жүйректеріміздің жеңісін сүйіншілеп келеміз. Жақында ғана аудан абыройы тағы бір мәрте асқақтады. Нағи Ілиясов елді мекенінің жас өрендері Арал қаласында өткен ұлттық жекпе-жектің облыстық біріншілігінен жүлделі орынмен оралды.

Жас спортшы Әлихан Балғабайдың есі­мі аудан жұртшылығына жақсы қырынан танылып келеді. Осыған дейін бірнеше мәрте арнайы материал әзірлеп, жас спортшымызды халыққа таныстырған едік. Бұрнағы күні тағы бір жеңісті қанжығасына байлады.

– Арал қаласында өт­кен біріншілікке 17 жас спортшыны алып бардым. Сола­р­­­­­­­­­­­дың ішінен 25 келі салмақ дәрежесінде оза шапқаны Әлихан болды. Сонымен қатар тағы бір жаттықтырушы Дастан Кеңестің де есімін айрықша айтар едім. Спортшы әрқашан додаға дайын жүруі тиіс. Осы тұста бұл бапкеріміздің еңбегі орасан зор. Ал Әлихан Ғабитұлының болашағына үлкен үмітпен қараймын. Әлі талай жарыстарда жеңіске жетеді деп сенемін, – дейді жаттықтырушысы Бағлан Мығымбаев.

Батырлар ауылындағы оқушылар бұл спорттың түрімен шұғылданып жүргеніне небәрі бір жыл енді толады. Ұлттық жекпе-жекті 2014 жылдан бері «Абзал және К» толық серіктестігі қаржыландырып, бала­лардың түрлі турнирлерге қатысуына мүм­кіндік жасағанын да айтып өткен жөн. Ал былтырдан бастап аудандық дене шынық­тыру және спорт бөлімі қолдау көрсетіп келеді.

Жаттықтырушы Бағлан Мығымбаевтың айтуынша, наурыз айында ұлттық жекпе-жектен Қазақстан біріншілігі Ақтө­бе қала­сында жалауын көтереді. Респуб­ликаның түкпір-түкпірінен келетін жас спорт­шы­лардың турнирінде нағилық Әли­хан Ғабитұлы да бағын сынайды. Кейін «Қазақстан кубогіне» жол тартады. Жерлес­терімізге алдағы сында бізде сәттілік тіледік.
Майя ҚОЖАБАЙ

10 наурыз 2021 ж. 567 0