Ұлттық жекпе жектен жүлдемен оралды
1-3 желтоқсан күндері аралығы Арал қаласында ұлттық жекпе-жектен жасөспірімдер арасында Арал әкімінің кубогы өтті.
Жарысқа облыс, аудандар бойынша 16 салмақ дәрежесінде 350-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесінде жерлестеріміз биік белестерді бағындырып қайтты. Атап айтар болсақ, 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында 25 келі салмақ дәрежесінде Махат Нұрасыл бірінші орынды иеленді. Ал 27 келі салмақ дәрежесінде Бөкенбай Жақсылық екінші орынды жеңіп алды. Сонымен қоса, 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында 33 келі салмақ дәрежесінде Шахмар Әбілмансұр үшіні орынды қанжығасына байлады. 43 келі салмақ дәрежесінде Нұрғазы Нұркелді бірінші орынды жеңіп, үздік спортшыларға берілетін белдік иегері атанды. Және 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында 36 келі салмақ дәрежесінде Абетоа Асылжан үшінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында 59 келі салмақ дәрежесінде Болатов Мадияр үшінші орынды иеленді. Ал 63 келі салмақта дәрежесінде Кеңесов Зинолғабиден бірінші орынды иеленіп, үздік спортшыларға берілетін белдік иегері атанды. Жауырыны жер иіскемеген палуандардың жолын қуған жас спортшыларымызды үлкен додаға дайындап, спортқа баулыған жаттықтырушылары Акимжанов Иса, Мығымбаев Бағлан, Жүсіпбаев Данияр екенін айта кеткеніміз жөн. Ал бақ пен бап қатар сыналар бәйгеде оза шауып, бәйге алған спортшыларды жеңісімен құттықтап, абыройларыңыз асқақтай берсін дейміз.