Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Нағилықтардың жарқын жетістігі

Нағилықтардың жарқын жетістігі

Жақында Қызылор­да қаласында қойын қолтық ұрыстан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты өткізілген болатын. Чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қа­лаларынан және елі­міздің 8 өңірінен 11 команда бойынша 316 жасөспірім спортшы қатысты.

Байрақты бәсекеде сырдариялық спортшылар да бақ сынады. Жалпы, командалық есепте облыс командасы 25 медаль жеңіп алды. Аймақтың қойын қолтық ұрыс шеберлері 7 алтын, 5 күміс, 13 қола медаль еншіледі. Жоғарғы дәрежеден көрінген қызылордалық спортшылар командалық есепте І орынды, ІІ орынды Ақтөбе, ІІІ орынды Түркістан облысы иемденді.

Екі күнге созылған жарыста нағилық спортшы Сағындық Тұрғанбай 42 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ал 33 келі сал­мақта бақ сынаған Мағжан Кеңес жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

– Қызылорда қаласында өткізілген чемпионат барысында спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізді. Негізінен, аудан кө­лемінде 5 спортшы апарған болатынбыз. Екеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мағжан мен Сағындық 2-сыныптан бастап аталған спорт түрімен айналысады. Спорт шеберлігіне үміткер­лер республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Алдағы уақытта спортшыларымыз толағай табыстарға жететініне сенеміз, – дейді жаттықтырушы Бағлан Мығымбаев.

Айта кету керек, спортшылардың жаттық­тырушысы – Бағлан Мығымбаев пен Дастан Кеңесов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
27 шілде 2021 ж. 948 0