Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҚОЛА ЖҮЛДЕ

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануда спорттың үлесі зор. Салауатты өмір салтына балаларды баулудың алғашқы баспалдағы №11 ауданның олимпиадалық резервтің маманданған балалар-жасөспірімдер мектебінен басталады десек қателеспейміз. Бүгінгі таңда мектепте  778 жасөспірім спорттың ОН ҮШ түрінеН машығады. Олардың бағындырған жетістіктері де жетерлік. Халықаралық жарыстардан бастап, республиклық, облыстық жарыста жүлделі орын иемденгендер аудан абыройын асыруда.
Жақында Павлодар облысы Баянауыл ауданында белбеу күресінен 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа ауданнан 16 жас спортшы қатысып, бақ сынады. Барлығы 10 команда қатысқан додалы жарыста сырдариялық командадан Бағлан Сейткәрімов 3-орын, қола медаль жеңіп алды. Бағлан +73 келі салмақта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған спортшы. Ол №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы.
Айта кету керек, ауданда белбеу күресі үйірмесі өткен жылы ашылып, онда 34 жасөспірім спорттың осы түрімен айналысады. Ашылғанына аз ғана уақыт болса да, осындай дүбірлі додада өнер көрсеткен сырдариялық өрендердің жеңісі аудан абыройын асырды. Спортшыларды жаттықтырған Руслан Алтынбеков. Чемпионатты бағындырған жеңімпазға бәрекелді демекпіз.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ


25 мамыр 2019 ж. 771 0