Словения мен Қазақстан арасындағы ойынға кім төрелік етеді
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Словения – Қазақстан матчының бас төрешісі болып поляк Шимон Марчиняк тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Оған отандастары Павел Сокольницкий мен Адам Купсик көмектеседі. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Павел Рачковски.
Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, бір тур бұрын құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдама алды. Ал Словенияның еншісінде 19 ұпайдан бар.
Топтағы екінші жолдама тағдыры Словения және Қазақстан кездесуінде шешіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футболшылар Сан-Марино құрамасынан 3:1 есебімен басым түскен еді.
Фото: kff.kz