Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне өтті

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне өтті

Сәрсенбі, 8 наурызда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пауло Рикардо Каканың шәкірттері сырт алаңда Словения құрамасымен кездесті. Мариборда өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Қазақстандықтар кездесу барысында 3:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік беріп, жеңісті мүлт жіберді.

Матч 3:3 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне шықты.

Еске салайық, элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 5 шілдеде өтеді.

Словения - Қазақстан - 3:3 (1:3)

Гол соққандар: Чех - 9, Осредкар - 24, Турк - 26 - Ақбалықов - 6, Тұрсағұлов -15, Тайнан - 20
09 наурыз 2023 ж. 417 0