Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Euro 2024: Қазақстан және Финляндия кездесуіне төрешілер белгіленді

Euro 2024: Қазақстан және Финляндия кездесуіне төрешілер белгіленді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан және Финляндия кездесуінде қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан және Финляндия кездесуі 7 қыркүйекте елорда уақытымен 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші - румыниялық Раду Петреску. Оған отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де румыниялық Марцел Бирсан.

Айта кетсек, Раду Петреску бір жыл бұрын Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Беларуське (2:1) кездесуінде қосалқы төреші қызметін атқарды.

Қазақстан мен Финляндия қазірге дейін бес мәрте кездесіп үлгерді. Оның біреуінде тең нәтиже тіркелсе, төртеуінде финляндиялық футболшылар жеңіске жетті.

Фото: inbusiness.kz
06 қыркүйек 2023 ж. 480 0